В. Жаз болды.
Керіктенді құлпырып жер,
Оранып көк көрпеге бар өңірлер.
Төсінде Жер-Ананың толықсиды,
Сансыз көп, сары, жасыл өсімдіктер.
Атқанда таң бозарып алтын арай,
Аралап өсімдікті жүрдім талай.
Ашығы сүттен аппақ жалғыз түп гүл,
Алдымнан болды пайда әлдеқалай.
Ақ гүлді қызықтым да алдым жұлып,
Орнаттым үйге әкеліп орнын құрып.
Бейне бір күнәсіз зат күлімдейді,
Тұрғандай жүрегімнің сырын ұғып,
Қараймын ақ гүліме күнде-күнде,
Көркінен айырылып кетті мүлде.
Ақ гүлім сарғыш тартып сала берді,
Мұңайып, назаланады әлдекімге.
1-тапсырма. Өлеңді тындаңдар 21-аудио). Өлеңде не туралы айтылған
Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ.
Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды.
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Мұзды бесік таянған, -
да ана, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана. Халықтың халықтығының басты нышаны – туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да ана. Сондықтан әрбір ұлттың рухани өзегі, қан тамыры болып табылатын тілі – Ана тілі деп аталады.