Верных ответов: 4 Қарға тасты құмыраның ішіне салды. 1-сурет Қораға қара қарға келіп қонды. 3-сурет Қарға су ішті. 4-сурет Ол жерде жатқан тасты көрді. 2-сурет Қарғаның тұмсығы құмырадағы суға жетпеді 2- сурет Қорада құмыра тұр 1-сурет
Әр адамның өз болмысына жақын, өзі ұнататын, бала күнінен еліктеп өсетін батыры болады. Бала күнімен халық ауыз әдебиетіне жақын болып, ертегі кітаптарды жастанып өскендіктен менің сүйікті қаһарманым тиісінше ертегі кейіпкері болды. "Ер Төстік" ертегісін оқып, ондағы Төсіктің ерекшелігіне қызығып, батылдығына тәнті болып өстім. Оның ағаларын іздеуі, қалыңдығы Кенжекей үшін күресуі ертегінің қиял әлеміне еріксіз елітіп әкететін. Ертегідегі Төстік - адал, батыл, бауырмал әрі махаббатына адал жан. Шалқұйрық атқа мінген батырдың ерекше болмысында ешкімде кездеспейтін қасиет, ешкімнен таныла бермейтін мінез бар. Оның дүниеге келуі де, өсіп ер жетуі де өзгелерден ерек. Бітімі бөлек Төстіктің бастан кешкен оқиғаларын оқып отырып өзім де сондай батыл, айтқанынан қайтпайтын адам болсам екен деп армандайтынмын. Кенжекей сұлуға осындай азаматтың бұйырғанына қуанып, іштей қызғатынмын да. Бала күннен сүйікті қаһарманым болғандықтан, өмірде де дәл сондай ер мінезді, өжет, досқа да, жарға да адал азамат кездессе екен дейтінмін. Ондай ердің отбасын ғана емес, бүтін елді қорғай алатынына, елі үшін қызмет ететініне кәміл сенетінмін. Бүгін де сол қиялдың жетегінде жүріп, Төстіктің бойына біткен мінез тек ер адамда ғана болмауы тиіс деп ойлаймын. Мінез, қасиет - бар адамға ортақ. Олай болса неге өзім де сүйікті қаһарманымдай болмасқа? Мен де Төстік сияқты бауырмал, көпшіл болып, сүйгеніме адалдық таныта аламын. Ол сияқты ата-ананы құрметтеп, оларға бақыт сыйлау міндетім. Ең бастысы, ол сияқты ақ адал болмысты, адамгершілігі жоғары адам болғым келеді. Менің сүйікті кейіпкерім маған тек жақсы жағынан үлгі болды.
Қазіргі таңда қазақтың дәстүрлі әндері жақсы даму үстінде. Көптеген ақын жазушыларымыз осы дәстүрлі әндерді насихаттап жүр. Оның ішінде Рамазан Стамғазиев Тамара Асар сынды тағы да басқа өнер майталмандары бар. Қазақтың операсына келетін болсақ Опера әнін айту үшін дауыс ырғағы өте жоғары болу керек. Белгілері олар қазақтың дәстүрлі әндерінде де операда да махаббат, тәрбие жайлы көптеп шырқалады. Қазіргі таңда қазақ операсының жарық жұлдыздарына Салтана Ахметова, Сүндет Байғожин, Нұржамал Үсенбаева тағы да басқа әншілер кіреді.
Қазақтың операсына келетін болсақ Опера әнін айту үшін дауыс ырғағы өте жоғары болу керек. Белгілері олар қазақтың дәстүрлі әндерінде де операда да махаббат, тәрбие жайлы көптеп шырқалады. Қазіргі таңда қазақ операсының жарық жұлдыздарына Салтана Ахметова, Сүндет Байғожин, Нұржамал Үсенбаева тағы да басқа әншілер кіреді.