Жеңіс күні.. 9 мамыр баршаға белгілі күн, сол бір сәтті ұмыту мүмкін емес сірә. Ұлы Отан соғысының аяқталғанына да бірнеше жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі есте қалатын күн. Байырға ата- бабаларымыз біз үшін деп сонау дархан даланы ер жүректілігімен, батыл да қайсар мінез- келбетімен болашақ үшін деп тарту етті. Жеңіс үшін жанын пида еткен соғыстан оралмай қалғандарды да ерлікпен еске алады. Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды. Барша Қазақстан осы жасаған ерліктері үшін соғыс ардагерлерін умыт қалдырмайтыны да анық. Алтын әріптермен аттарын ойып жазған. Бұл мереке ұлы мереке!
Жеңіс күні — Қазақстанда мамырдың 9] Жеңіс күні мемлекеттік мереке болып табылады. «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» Заң нормаларында ұлттық мереке күндері демалыс болып саналады, ал демалыс күндері мен мереке күндері сәйкес келген жағдайда мейрам күнінен кейінгі жұмыс күндері демалыс күндері болып саналады.
1941—1945-жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысына 35 млн адам, соның ішінде 1,5 млн қазақстандық қатысты. Бұл республика халқының 18 бен 50 жас аралығындағы ересектердің 70 пайызы. Ұрыстардың алғы шебінде Қазақстаннан жіберілген 23 бірлестік, 50 шақты полктар мен батальондар шайқасты. Қазақстандықтар Мәскеу менЛенинградты жанын қия қорғап, Украина мен Беларусьті, Прибалтика мен Молдованы азат етуге атсалысты, Берлин шабуылына қатысты.
Ондаған мың қазақстандық ерен еңбегі мен ерліктері үшін марапатталса, бес жүзден астам адам Кеңес Одағының Батыры атанды, төрт адам бұл атаққа екі мәрте ие болды, 142 адам Даңқ орденінің толық жинағының иегері атанды.