Вот Вам моя загадка, только от обычных загадок, она длинная: Состоит из многих звеньев и сама она звено,
Как один из группы актёров в кино, играет главную роль
Если Б не было её,
Не бы никакой пароль,
Мы не смогли Б существовать,
Мы в глубину бы свой домик рыли,
Но она летать, хоть у людей и нету крыльев-
Дворцов описание, осоьняков- с неё начинают,
Потому, как она первой гостей всех встречает, а в средних школах--провожает
Выпускников
Антоним, синоним, омоним сөздерді қатыстырып, сөйлем құрау.
Антонимдер:
1. Бүгінгі концертке ауылдың үлкен – кіші тұрғындарының барлығы жиналыпты.
2. Әдетте, мектеп оқушылары сабаққа бірыңғай ақ түсті жейде мен қара түсті шалбар киеді.
3. Дене шынықтыру сабағында бойымыздың ұзын - қысқасына қарай сапқа тұрамыз.
4. Бұл дүкенде қымбат зергерлік бұйымдармен қатар бағасы арзан, қолжетімді де бұйымдар жеткілікті.
5. Бүгін күн жексенбі болған соң үйіміздің жанындағы дүкен сағат тоғызда ашық екен деп келсем, әлі жабық екен.
Синонимдер:
1. Менің жеңгем айдай сұлу, өте әдемі, көрікті келіншек.
2. Биыл анамыздың мерейтойына байланысты бағалы, құнды сыйлық іздестірудеміз.
3. Асыққан кезде «Бәйтерек» пойызына мінсең болады, ол - өте жылдам, әрі жүйрік.
4. Балалы болу, перзент сүю – әрбір отбасының арманы.
5. Халқымыз Ұлы Отан соғысы кезінде елін қорғаған ержүрек, батыл, әрі батыр қаһармандарын мақтан тұтады.
Омонимдер:
1. Оқушылар асыға күтетін мезгілі жаз де басталып кетті.
2. Үйіңе аман – есен жеткен соң маған міндетті түрде хабарлама жаз.
3. Бүгін ұйықтап жатқанымда таңға жуық керемет түс көрдім.
4. Сен қандай түсті киімдерді ұнатасың?
5. Бүгін ерте тұрып, біраз шаруа істеп едім, түс ауа қатты шаршап қалдым.