Вставить нужные слова: бидай себеді, апарады, тазалайды, жасайды, жинайды, күзде, пісіреді, тасиды, сатады.
нан - өте қасиетті тағам. нан дастарқанға үлкен ең - бекпен келеді. алдымен көктемде диқан дән піседі. оны диқан комбайнмен комбайн жинаған астықты жүргізуші көлігімен қырманға қырманда жұмысшылар астықты ұшырады, тазаланған астықты жүргізушілер қамбаға, диірменге диірменші астықтан ұн ұннан наубайшы тәтті нан, бөлкелер дәмді бөлкелерді
қымыз – сүр қаз қосып, әбден өлтіріліп пісірілген, бабы келген қымыз; тай қымыз – бір күн сақталған қымыз; құнан қымыз – екі түн сақталған қуатты қымыз; дөнен қымыз –үш түн сақталған күші мол қымыз; бесті қымыз –төрт түн сақталған сапалы қымыз; сары қымыз – шөп буыны қатып, күзде сауылған биенің маңызды қымызы; қысырдың қымызы – қыста құлынсыз сауылатын биенің дәмді, қуатты, шипалы қымызы; түнемел қымыз – көп тұрған немесе үстіне саумал қосылған сапасы төмен қымыз. Саумал – бие сүті. Қуырдақ – көбінесе мал сойылғанда өкпе, бауыр, жүрек, жұмсақ еттерді турап, майға қуырып әзірлеген дәмді тағам. Қиықша – ысылған қамырды қиықшалап кесіп, майға пісірген нан. Қаймақ – сүттен шығатын тағам. Қызыл – ет тағамдарының атауы. Қазы – жылқының қазы майы, кәделі тағам. Қарта – жылқының ішегі, кәделі тағам. Қатық – қой сүтінен ұйытылған тамақ.
Ата-бабаларымыздың қызды құндызға теңеуі бекер емес. Бәріміз білетіндей, құндыздың терісі бағалы әрі құнды болып келеді. Сонымен қатар халқымыз "Қыз өссе елдің көркі" деп қызының тәрбиесіне ерекше мән берген. Ұлды жұлдызға теңегені - оның елге біткен ері деуге болады. Өйткені нағыз ер жігіт қана еліне қорған бола алады.
Қазақ халқының балаларын тәрбиелеуінде қыздың орны ерекше. Халқымызда ұят ұғымы қатаң сақталған. Болашақта қыз ұзатылып барғанда қайын жұртының сөзіне қалудан сақтанған. Мысал ретінде есік көрмеген қыздардың шашына түрлі әшекей бұйымдар тағуын алайық. Ойын қызы осы бұйымдардың дыбысын шығармау үшін ақырын жүретіні белгілі. Осы арқылы болашақ бір әулеттің келінін байсалдылыққа, салмақтылыққа бейімдеген.