Мен Тараз қаласында тұрамын. Менің туып өскен, кіндік қаным тамған жерім де осы ара. Тараз – к тарихы бар, өзіндік ерекшеліктерімен де талай жұртқа танымал шаһар. Қала тұрғындары да өте мейірімді, аққөңіл, мәдениетті, саламатты өмір салтын ұстанатын жандар. Мен өз қаламды ерекше ұнатамын, сүйемін, сыйлаймын әрі құрмет тұтамын. «Алып анадан туады» демекші, Тараз қаласынан әлемге әрі ұрпаққа аты әйгілі боп қалған көптеген танымал тұлғалар: ақындар, жазушылар, ғалымдар, халқына қалаулы, еліне елеулі азаматтар – шыққан. Менің қалам – мақтан тұтарлық қала! Тараз қаласының жастары қоршаған ортамыз табиғатқа ықыластана қамқорлық жасайды. Өйткені, өсіп тұрған әрбір тал-дарақ біздің өмірімізге, оның ішінде денсаулығымызға көп пайдасын тигізуде. Табиғат ана бізге сый берсе, біз де оған «сыйға-сый» ретінде айрықша қамқорлық таныта білуіміз қажет. Біздің қаламызда жылма-жыл дерлік жас көшеттер отырғызу ісі дәйектілікпен жүзеге асырылып отырады. Сол көшеттер бізді жаман иістерден қорғайды. Тараздың мәңгі жасыл қалаға айналуына септеседі. Айтпақшы, былтыр қала тұрғындары Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын атап өтті. Мерекелік іс-шараларға ата-анама ілесіп мен де бардым. Үлкен ағалардың жаңадан көптеген гүлзарлар ашқанын көрдім. Әсіресе, маған Керей мен Жәнібек хандарға тұрғызылған ескерткіштің маңы, «Көне Тараз» ашық аспан астындағы мұражай-саябағы кереметтей ұнады. Тараз гүл-қалаға, таза қалаға айналды. Қаламыздың осы қалпы сақталуына біз де үлес қосамыз. Оның әрбір тал-гүлін, көшетін аялауға тиіспіз. Гүлзар алаңдарды енді достарыммен бірге демалыс сайын келіп тамашалауды дағдыға айналдырамын. Әркім де туған жерінен жыраққа кетсе де, туған жерін аңсамауы мүмкін емес. Ақылың қаланы қаласа, жүрегің әрқашан туған өлкеңді қалайды. Мен әрқашан өз қаламды мақтан тұтамын!
Өнеркәсіп – ұлттық экономиканың шикізат, отын, энергия өндірумен, ағаш өнімдерін дайындаумен, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық шикізатын өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарына өңдеумен (қайта өңдеумен) айналысатын кәсіпорындарды (зауыттарды, фабрикаларды, кеніштерді, шахталарды, электр стансаларын, т.б.) біріктіретін аса маңызды саласы. Екі үлкен топтан – 1) өндіруші өнеркәсіптен – мұнай, газ, көмір, шымтезек, тақтатас, тұз, қара және түсті металл кентастарын, металлургия үшін кентасқа жатпайтын құрылыс материалдарын өндіру, ағаш дайындау, энергетикалық шикізат алу, т.б.; 2) өңдеуші өнеркәсіптен – қара және түсті металдар, қақтама, машиналар мен жабдықтар, химиялық өнімдер, цемент және басқа құрылыс материалдарын, ағаш өңдеу, жеңіл өнеркәсіп пен тамақ өнеркәсіпі өнімдерін өндіру, өнеркәсіп бұйымдарын жөндеу, т.б. құралады. Сондай-ақ ол өндіріс құрал-жабдығын өндіретін өнеркәсіп (“А” тобы) пен тұтыну заттарын өндіретін өнеркәсіп (“Б” тобы) салаларына бөлінеді. Өнімнің бір түрлері түгелдей “А” тобына жатады (станоктар, өнеркәсіптік тракторлар, жабдықтар, қара және түсті металл кентастары, минералдық тыңайтқыштар, т.б.), екінші бір түрлері түгелімен “Б” тобына (тігулі киім, тоқыма бұйымдары, нан, нан-тоқаш өнімдері, тағамдық балық өнімдері, жиһаз, тоңазытқыш, телевизор, т.б.) жатады. Көмір, электр энергиясы, кездеме, ұн, ет және өндірістік мақсатта пайдаланылатын басқа да өнім түрлері олардың нақты тұтынылуына қарай екі топтың арасында бөлініске түседі. “А” тобының өнімдері еңбек құралдары мен еңбек заттарына бөлінеді.
1) өндіруші өнеркәсіптен – мұнай, газ, көмір, шымтезек, тақтатас, тұз, қара және түсті металл кентастарын, металлургия үшін кентасқа жатпайтын құрылыс материалдарын өндіру, ағаш дайындау, энергетикалық шикізат алу, т.б.;
2) өңдеуші өнеркәсіптен – қара және түсті металдар, қақтама, машиналар мен жабдықтар, химиялық өнімдер, цемент және басқа құрылыс материалдарын, ағаш өңдеу, жеңіл өнеркәсіп пен тамақ өнеркәсіпі өнімдерін өндіру, өнеркәсіп бұйымдарын жөндеу, т.б. құралады.
Сондай-ақ ол өндіріс құрал-жабдығын өндіретін өнеркәсіп (“А” тобы) пен тұтыну заттарын өндіретін өнеркәсіп (“Б” тобы) салаларына бөлінеді. Өнімнің бір түрлері түгелдей “А” тобына жатады (станоктар, өнеркәсіптік тракторлар, жабдықтар, қара және түсті металл кентастары, минералдық тыңайтқыштар, т.б.), екінші бір түрлері түгелімен “Б” тобына (тігулі киім, тоқыма бұйымдары, нан, нан-тоқаш өнімдері, тағамдық балық өнімдері, жиһаз, тоңазытқыш, телевизор, т.б.) жатады. Көмір, электр энергиясы, кездеме, ұн, ет және өндірістік мақсатта пайдаланылатын басқа да өнім түрлері олардың нақты тұтынылуына қарай екі топтың арасында бөлініске түседі. “А” тобының өнімдері еңбек құралдары мен еңбек заттарына бөлінеді.