Шалкиіз жас кезінен-ақ ер жүрек жауынгер әрі талантты жырау ретінде даңққа бөленді. Жігіттік шағы Ноғай ордасындағы Мұса бидің маңайында өткен. Кейіннен Ұлы Орданың әміршісі, Мансұрұлы Темір бидің және ноғайлы Жүсіп бидің төңірегінде, өмірінің соңғы кезін қазақ ханы Хақназар маңында өткізді. Жырау туындылары әсерлі, өткір, аз сөзге көп мағына сыйғызған сұлу сазды көркемдігімен ерекшеленеді. Оның шығарм-нан ортағасырлық қарапайым көшпелілердің өмірі туралы нанымды, моральдық, этикөлі түсініктер көрініс тапқан (“Асқар, асқар, асқар тау…”, “Қоғалы көлдер…”, “Арғымақ ару аттар…”, “Ор, ор қоян, ор қоян…”, тағы басқа). Шалкиіз шығармаларында ерлік рухқа, асқақ романтикаға толы жырлар да жеткілікті. “Алаштан байтақ озбасы…”, “Жапырағы жасыл жаутерек…”, “Ер Шобан”, тағы басқа).
1 - тапсырма
Типтік бейнесі:
Жібек - ақылды, ақылына көркі сай, тәрбиелі;
Төлеген - қайсар, ержүрек, шыншыл;
Бекежан - қатігез, қу, арам, қаскөй.
Дәлелді талдау:
Жібек аса қамқоршы, елдің қамын жеген қазақтың қарапайым қызы.
Төлеген айтқанынан қайтпайтын жүрек жұтқан, нағыз ер мінезді жігіт.
Бекежан өз қара басын ойлаған, сатқын әрі сұм адам.
2-тапсырма
Түркі халқы қалмақтарды жеңгеннен кейін, олардың жағдайлары жақсарып, жоқшылықпен қоштаса бастады. Халық дамып, ел көркейе бастады.
Объяснение:
1-тапсырма бойынша қосымша мәлімет.
Жібектің сұлулығы мен ақылдылығын мына жолдардан түсінуге болады:
Бидай өңді, нұр жүзді,
Секпілі жоқ, қой көзді,
Әйел де болса, бір сөзді.
Қыз Жібектің ақтығы,
Наурыздың ақша қарындай.
Ақ бетінің қызылы,
Ақ тауықтың қанындай.