выпишите глаголы из текста: 2010 жылы Алматыда «Жаңа Жібек жолы: ұлы дәстүрден туризм мен ынтымақтастықтың қазіргі озық үлгілеріне» атты екі күнге созылған форум болды. Бұл форумға «Жібек жолының» бойында орналасқан 25 ірі қаланың мэрлері қатысты. Форумда аймақтық туризмді, өзара ынтымақтастық пен ықпалдастықты дамыту, оны одан әрі жетілдіру туралы айтылды. Форумда аймақтық туризмді дамытудағы кедергілер де сөз болды. «Жібек жолы» бастамасының негізгі мақсаты — сауда, инвестиция және туризм салаларында Орталық Азия мемлекеттері мен Қытайдың экономикалық интеграциясы және аймақтық қарым-қатынасын тереңдету. «Жібек жолы» қалаларының әкімдері бас қосқан алғашқы форум 2006 жылы Ташкентте, кейін Қытайдың Ланьчжоу қаласында өткен болатын. Форумға «Жібек жолының» құрамына кірмейтін елдер де қатысты. Олардың арасында Иран, Корея, Жапония, Ресей және басқа да мемлекеттер бар.
Дене жаттығулары — белгілі бір мақсаттарға жетуге (қозғалыс міндеттерін шешуге) бағытталған үздіксіз бір-бірімен байланысқан қозғалыс қимылдарының жиынтығы. Жарыстық спорттық жаттығуда қозғалыс әрекеттерінің тұтастығы барынша жоғары спорттық нәтижелерге жетуге бағытталган.
Дене жаттығуының ең көбірек жалпы физиологиялық жіктелуі сол жаттығуды орындауга қатысатын еттер белсенділігінің үш негізгі сипаттамасының бөлінумен:
белсенді еттер салмағының көлемімен;
еттердің жиырылу түрімен (статикалық немесе динамикалық);
жиырылудың күшімен және қуаттылығымен байланысты.
Белсенді еттер салмағының көлеміне байланысты дене жаттығуын шектеген (жаттығуларды орындауга бүкіл ет көлемінің үштен бірінен азырақ қатысқандар); аймақтық (жаттығуларды орындағы бүкіл ет көлемінің жартысынан астамы қатысқанды) деп бөлінеді.
Егер әлемде жалғыз жақсы адам болса, мен ойланбастан: "Ол-менің анам" дер едім. Менің анам сондай - жүрегі мен дегенде лүпілдеп, мейірімі көзінен де, ісінен де, сөзінен де төгіле түседі. Оның айтқан әрбір сөзі мені қанаттандырып, мәңгі балалық шақта, кішкентай бөбек болып қалардай сезімге бөлейді. Анам маған әрдайым нәрсенің жақсысын беруге тырысады. Ол өзін ойламайды ма деп кейде ойға батамын. Бірақ ана шіркін көңілі кең даладай дарқан. Әр баласына жалғызындай қарап, әрбірінің көңілін табуға ұмтылады. Егер дүниеде "аналар" болмаса, бәлкім татулық, мейірімділік атаулы болмаушы ма еді...