Выпишите глаголы ОНЫЛЫМ
-тапсырма. Мәтінді оқы. Тақырып қой.
2010 жылы Алматыда «Жаңа Жібек жолы: ұлы дәстүрден туризм мен
ынтымақтастықтың қазіргі озық үлгілеріне» атты екі күнге созылған форум
болды. Бұл форумға «Жібек жолының» бойында орналасқан 25 ірі қаланын
Мэрлері қатысты. Форумда аймақтық туризмді, өзара ынтымақтастық пен
ықпалдастықты дамыту, оны одан әрі жетілдіру туралы айтылды. Форумда
аймақтық туризмді дамытудағы кедергілер де сөз болды.
«Жібек жолы» бастамасының негізгі мақсаты сауда, инвестиция
және туризм салаларында Орталық Азия мемлекеттері мен Қытайдың
экономикалық интеграциясы және аймақтық қарым-қатынасын тереңдету.
«Жібек жолы» қалаларының әкімдері бас қосқан алғашқы форум 2006
жылы Ташкентте, кейін Қытайдың Ланьчжоу қаласында өткен болатын.
Форумға «Жібек жолының» құрамына кірмейтін елдер де қатысты.
Олардың арасында Иран, Корея, Жапония, Ресей және басқа да мемлекет-
тер бар.
«Егемен Қазақстан» газеті
Шылаулар - сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер. Шылау сөздер дегендеріміз - ішкі мазмұндары жағынан да, сыртқы формалары жағынан да, сондай-ақ, қызметтері жағынан да өздерінің бастапқы шыққан төркіндерінен біржола қол үзіп, әрі осы аталған негізгі үш белгі жөнінен де дербестіктерінен айырылып, өз алдына категория болып қалыптасқан және жалпы көмекші сөздер тобына негізгі ұйытқы есебінде қызмет ететін сөздер.
Киіз үй-қазақ халқының ертеден келе жатқан баспанасы. Ол көшіп-қонғанда тез жиып, шапшаң тігуге ыңғайлы. Жазда ауасы таза әрі салқын. Қыста қазақтар киіз үйдің сыртқы киіздерін қабаттап жауып, қыста шыға берген. Киіз үй қатты соққан дауылдан жағылмайды, нөсерлеп жауған жаңбырдың суын өткізбейді.
Киіз үй үш бөліктен тұрады: кереге, уық, шаңырақ.
Шаңырақ деп, дөңгелек ағашты айтады. Ол оттың түтіні шығуына және күндіз үйдің ішіне жарық түсіруге арналған.
Кереге жіңішке қайыңнан жасалады.
Уық - кереге басы мен шаңырақты ұстастыратын ағаш.