выпишите из текста 10 слов с падежными окончаниями и определите падеж Жотадан жотаға жортты.
Көксерек қатты өсті.Көкжал болды.Ауылдың малына қауіп төнді.Даладағы қой,жайлаудағы сиырға шауып,жылқыға шейіп жеді.Үш-төрт түйе де жеді. Күніне бір мал жейді. Маңайдағы ауылды түгел шулатты. Адамдар мылтық атып,қорқытты,одан жасқанбады.У берді-оні да жемеді.
Көксерек көп жортты. Көп іздеді. Бір жотаның басында аттылы қойшыны көрді. Айналасында қой жайылып жүр екен. Қойшы -бала екен. Көксерек қорықпады. Қой қаша жөнелді.Көксерек қорықпайды. Қой қаша жөнелді.Көксереқтің аркасына ағаш сарт етті. Сол-ақ екен,Көксерек адамға қарай арс етіп шапшыды.Аузына баланың тоны ілікті. Көксеректе қазір бұрын білінбеген дольлық,жайындық бар.
Баланын шошыған айғайы шықты. Бала аттан аударылып, жерге құлады, Домапап жатқан балаға тап берді. Ырылдап, баланы бас салды.
Бұл бала - Құрмаш еді. Қойшы ауырып, әкесі бір күнге қойға жіберген. Үстіне қасқыр төніп келгенде көзі бір ашылып, бір жұмылды.Қасқырдың басы темендеді. Бала өзіне таныс құлақты көрді. Акырғы сезгені - сол… Баланың үні өшті. Қасқырдың ауызы тиместен бұрын қой жайылып екен. Қойшы өліп кетті.Көксерек баланың бір жатып,қылғыта салды. Түнде баланың өлігін тауып алды.
Ауылдың атықды аңшылары -
Қасен мен Бейсенбай аңдып жүріп,Көксеректі өлтрді.Ауыл адамдары қасқырдың құлағын көрді. Баяғы күшік Көксерек екенін таныды.
Дос келді деп, жасап жатыр анық той.
Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны,
Нағыз қазақ осы, міне, танып қой. Сәйгүлікті құйрық-жалы таралған, Сүйетұғын қазақ осы, қараңдар. Қазақ осы күй шығарып, ән салып,
Көкпар тартып, қыз қууға жаралған.
Қазақ осы - айтатұғын желге сыр, О, ағайын, халық емес ол кесір. Қазақ осы - аңғал-саңғал жабусыз,
Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір. Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін,
Қазақ осы - «Өнер алды - тіл» дейтін.
Қазақ осы - қарасың ба, ақсың ба, Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін.
Қазақ осы - көргенінен танбайтын, Той-думансыз оты түзу жанбайтын.
Қазақ осы - алудай-ақ алатын,
Ал беруден алдына жан салмайтын.
Қазақ осы - ашық жарқын қабағы, Қонақ келсе шабылып бір қалады. Байқа да тұр, саған да ол кетерде, Ат мінгізіп, жібек шапан жабады. Ат мінгізіп, жібек шапан жабады. Қазақ осы - құда бол деп қинайтын,
Құдаларын құдайындай сыйлайтын.
Қазақ осы - дүние мен малыңды, Оңды-солды шашу үшін жинайтын.
Қазақ осы - жайып жатқан қанатын,
Батыр халық, ақын халық - дәл аты.
Қазақ осы - өзімсінген адамға, Насыбайға бола өкпелеп қалатын. Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,
Дос келді деп, жасап жатыр анық той.
Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны,
Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.