Выпишите из текста 4 наиболее важных опорных слова. Перевод текста.
Государственный театр оперы и балета» Астана Опера" построен в 2010-2013 годах по инициативе Первого Президента – Елбасы Н.А.Назарбаева. Театр «Астана Опера", расположенный на левом берегу Ишима, с помпезной роскошью привлекает глаз. Общая площадь здания составляет 64 тысячи квадратных метров. Из них 3000 квадратных метров занимает площадь сцены . "Астана Опера" поражает не только своими размерами, но и живописной архитектурой. В театральной архитектуре, построенной с учетом лучших классических традиций мирового зодчества, ярко выражен национальный колорит. Большой зал театра рассчитан на 1250 мест, а камерный зал рассчитан на 250 человек. По техническим возможностям "Астана Опера" превосходит многие мировые театры.
21 июня 2013 года театр торжественно открыл свой первый сезон великим произведением М. Тулебаева – оперой «Биржан – Сара» в новой музыкальной редакции Абзала Мухитдинова.
перевод текста на козаксий ниже
Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2010-2013 жылдары салынды.
Есілдің сол жағалауында орналасқан «Астана Опера» театры асқақ сән-салтанатымен
көз тартады. Ғимараттың жалпы ауданы 64 мың шаршы метр. Оның 3000 шаршы метрін
сахна аумағы алып жатыр. «Астана Опера» өзінің көлемімен ғана емес, сонымен қатар, әсем сәулетімен де таң қалдырады. Әлемдік сәулет өнерінің ең үздік классикалық дәстүрлері ескеріле салынған театр сәулетінде ұлттық нақыш айқын байқалады.
Театрдың Үлкен залы 1250 орынға есептелген, ал Камералық зал 250 адамға арналған.
Техникалық мүмкіндіктері бойынша «Астана Опера» көптеген әлемдік театрлардан асып
түседі десек артық айтқандық емес.
2013 жылдың 21 маусымында театр өзінің алғашқы маусымын М.Төлебаевтың ұлы туындысы – Абзал Мұхитдиновтың жаңа музыкалық редакциясындағы «Біржан – Сара» операсымен салтанатты түрде ашты
Б.з.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кезде (Қола дәуірі) Еділ мен Алтай арасында мал шаруашылығымен айналасқан адамдар қола жасауды меңгерді. Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан қола дәуірі ескерткіштері алғаш рет табылды. Оны 1913 ж. Б.Г. Андрианов ашты. Ғылымда шартты түрде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерін Андронов ескерткіштері деп атайды. Бұл атауды ғылыми айналымға 1927 жылы С. А. Теплоухов енгізген. 1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тапты. Андронов ескерткіштері Қазақстан, Орта Азия, Сібір жерлерінен табылып отыр. Андронов мәдени-тарихи қауымының негізгі орталықтарының бірі Қазақстан аумағында болды. Батыс аудандардың андроновтық тұрғындары қима мәдениетінің туысқан тайпаларының ықпалына үнемі түсіп және өз тарапынан оларға тікелей ықпал жасап отырды. Археологиялық деректер андроновтық тұрғындардың басым көпшілігі отырықшылық өмір сүргенін көрсетеді. Қоныс-мекендер кең жайылма шалғыны бар өзендердің жағаларына орналасты. Патриархаттық отбасылардың үйлері үлкен жер төбелер болды; олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен мал қамайтын қашалар салынды. Бұл қоныс-мекендерге мал бағу кәсібі едәуір басым малшылық-егіншілік шаруашылығының кешенді сипаты тән болды
Жаңа туған сәбиге ат қою – ерекше салтанатты дәтүрлердің бірі. Ат қоюға қазақ™ халқы ерекше көңіл бөлген. Қазақта балаға ат қоюдың жолы мен сәттері көп. Шөп шауып жатса – Шөптібай деп, наурыз айында туса – Наурызбай деп, ай күні™ туса – Айтбай деп те қоя салады. Сол сияқты қыз бала туа берсе, Ұлболсын, Ұлтуған, Ұлмекен дейді. Көз тимесін деп Бишай, Көтерші, Қосқұлақ, Итемген, Күшік деп те қойған. Қазір Бауыржан, Абай, Олжас, Сәкен, Абылай, Фаризалар көп. Бұлар ™– сол кісілердей болсын деген ырымнан™ қойылған есімдер.
Бала дүниеге келгенде әр саналы отбасы оған жарасымды әрі әдемі есім беруге тырысады. Кейбірі ел арасында™ кең таралған заманауи™ есімдерді қойып жатса, кейбірі ата-аналарының, ұлы-тұлғаларының есімдерін, кейбірі ежелгі есімдерді қояды. «Жаңа туған сәби болашақта құрметті, үлкен азамат болсын» деген үмітпен ата-анасы жасы үлкен, сыйлы адамға ат қоюға қолқа салады™.
Объяснение:
™ это общие имена существительные, после слова