Выпишите из текста слова прилагательные. Еліміздегі көптеген заңды тұлғалар бүкіләлемдік байланыс желісі – ғаламторға қосылып, өз алдына жеке ранлар ашуда. Себебі компьютер желісі – ақпарат жеделдігінің, жетімділігінің кепілі. Тіпті қазіргідей ақпарат ағымы күшейген кезде ұйымдар қызметінің сәтті болуы да, көп жағдайда, соған байланысты екені даусыз. Мәселен, осыны ескерген Қазақстан Республикасы Жұмыс берушілердің конференциясы жеке WEB-сайт ашты.
Бұл WEB-сайтта еліміздегі күллі жұмыс берушілер туралы орасан мол ақпараттар жинақталған. Сонымен бірге аталған сайттан жұмыс берушілердің мүдделеріне қатысты бар кез келген заң жобасын табуға болады. Ол үшін тек www.krrk.kz сілтемесі бойынша WEB-сайтқа кірсе болады.
Қазақ халқының қонақ күтуі мен қонақжайлығы туралы.
Баяғы заманнан бері осы күнге дейін жеткен дәстүріміздің бірі мен бірегейі – келген қонаққа дастарқан жаю. Бұл дәстүр тек қонақжай қазақ халқына ғана тән дүние десем, артық айтпаспын, себебі үйге қандай кісі келмесін «ең болмаса нан ауыз тиіп кету керек» деген ұғым санамызда бала кезімізден қалыптасқан. Қазағым қашан да бар асылын, бар тәттісін «қонақ жесін» деп сақтаған. Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Ақсақалдар да үнемі «Дастарқан тек қуанышты себептермен жайылсын! Дастарқан мол болсын! Осындай үлкен дастарқан басында жинала берейік!» деп бата беріп, тілектерін айтып жатады.
Дастарқан жайғанда міндетті түрде ең алдымен нан қойылады. «Ас атасы – нан» деген мақал осыдан шықса керек. Ұннан жасалынған тағамдар бағзыдан-ақ ақ дастарханымыздың сәні болып келген. Қазақ өзінің шаңырағындағы кез келген жиында дастархан үстінен нанды алыстатпайды.
Сыйлы қонақ келсе, бұрынғы кезде мал сойылып, ет асылса, қазіргі заманда мал сойылмаса да, қазанды отқа қойып, қонақтың кәдесін асып береді. Күн демей, түн демей қазан асуға келгенде қарап қалмайтын қазақ аналары мен келіндері ет тамақты нақышын келтіріп дайындайды. Бүгіндері қырық күн тойын, отыз күн ойын жасамасақ та, кез келген жиында осы ас бірінші мәзірде тұрады.
Жалпы алғанда, қазақтың дастарханы – киелі нәрсе. Бұл тек жайылған шүберек немесе оған қойған ас-ауқат қана емес, бұл – адамның пейілі, ішкі жан-дүниесі, мейірім-шапағаты. Ендеше дастарқанымыз тек қуанышқа жайылсын!
Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,
Табиғаттың оны айтатын тілі жоқ.
Табиғат - тіршілік көзі. Табиғатты қорғау біздің парызымыз, оның әрбір әсері үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де табиғатты одан әрі әсерлендіреді. Әр жыл мезгілдері әр қилы. Төрт жыл мезгілі - төрт түрлі ғажайып күй сыйлайды. Табиғат бізге көп әсемдігін, таза суын, көк аспанын будақ бұлттарымен мөлдір суын береді. Таудан аққан өзен дауысы, жасыл шөптің сылдыры және әр нәрсеге, бізге әсемдік береді. Табиғаттың ғажайып әсемдігін көз алдыңа елестете отырып, өзің бір керемет сезімге бөленесің. Табиғаттың бар әсемдігін, бар кереметін, оның әрбір әсерін сөзбен де, жазумен де жеткізу оңай емес. Оның керемет көрінісі жаныңды тебірентеді. Бұлттары мақтадай, шөптері кілемдей төселген. Табиғатты аялау әр адам үшін маңызды, себебі адамда табиғаттың бір бөлшегі. Таразы басында екі қымбат нәрсе бірі табиғат, бірі адам. Бірі жеңіл тартса таразы аударылады, демек адам мен табиғат егіз ұғым. Бір - бірінсіз өмір сүре алмайды. Сондықтан табиғатты аялап, қорғауымыз керек. Табиғатты аялау дейміз – ау. Осы бір сөздер парақ жүзіне асқалы көп болғанын сізде бізде білеміз. Өзіміздің салдыр - салақтығымыздың нәтижесін көріп те жүргендейміз. Оған дәлел талай баланың дертті болып туылуы болса, ауа - райының үлкен өзгеріске ұшырауы, төрт мезгілде болатын құбылыстың бір күнде болуы, табиғат – ананың да денсаулығына нұқсан келгенін қинала отырып мойындаймыз