XIX ғасырдың 40 – 60-жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары. 1-сабақ Жанқожа батырға тән қасиеттерді анықта. Батырдың өмiрден өтер кездегi соңғы сәтiн Л. Мейер былай деп суреттейдi: «Қарт батыр оқ өтпейтiн сауытын киiп, қару-жарағын асынып, үйiнен шығып үлгердi. Бiрақ аты жоқ екен. Ажалымның жеткен жерi осы екен деп, ол бiр төмпешiктiң үстiне аспай-саспай шығып алды да, өз иманын өзi үйiрiп, дұға оқи бастады... зулаған оқтар... көпке дейiн оның сауытынан өтпей, тайқып ұшып, керi түсiп жатты. Ақырында бiр оқ оның мойнына дәл тиiп, қарт батырдың өмiрiн қиып кеттi». /ответ: қолбасшылығы ержүректігі беріктігі/ Жанқожаның әрекеттері азаттыққа, тәуелсіз өмір сүруге бағытталды. Елдің тәуелсіздігін сақтау үшін қолына найза алып, атқа қонудың қажет екенін батыр терең түсінді. Ол жауынгерлік қабілеті бар жігіттерден 3-5 мыңға жуық қол жинап, оларды басқара білді. /ответ: қолбасшылығы ержүректігі беріктігі/ Батыр хиуалықтарға бағынбады. Көп шайқастардың бiрiнде ол өзiнiң соңына түсiп, қуып келе жатқан хиуа жасақтарын жалғыз өзi тас-талқан етiп жеңiп шығады. Сол жолы өзi де 8 жерiнен жарақат алады. Осы бiр жүрек жұтқан ерлiгi үшiн халық оны қадiр тұтып, сый-құрметке бөледi. /ответ: қолбасшылығы ержүректігі беріктігі/
ответ на картинке не блогодарите!