XV ғасырдың ортасында Алтын Орда мемлекетінен Ақ Орда, Құбылай, Сібір,
Қазан, Қырым, Қажы-Тархан
хандықтары бөлініп шықты. 1380 жылы
Тоқтамыс Алтын Орда, Ақ Орда,
Моғолстан мемлекеттерін
бағындырып, ірі мемлекеттің
билеушісіне айналды. Әмір Темірге
қарсы шықты.
Шайқастар Ақ Орда мемлекетінің
құлдырауына әкелді. 1395 жылғы Терек
шайқасында
Тоқтамыс Әмір Темір әскерінен күйрей
жеңілді. Әмір Темір Ақ Ордаға Ұрұс хан
ұрпақтарын қайта отырғызады.
Берілген мәтін бойынша "«Неліктен
Алтын Орда ыдырады?» - деген
тақырыпта ой-толғау жазыңыз.
«Адамға саяхат пайдалы ма»? тақырыбына диалог құрастыру.
Мұғалім: Балалар, саяхатқа шыққанды кім ұнатады?
Оқушылар: Мен! Мен! Мен де! Бәріміз!
Мұғалім: Бәрекелді, балалар! Қалай ойлайсыңдар, адамға саяхат пайдалы ма?
Оқушылар: Әрине, апай, пайдалы.
Мұғалім: Сонда несімен пайдалы деп ойлайсыңдар?
Оқушылар: Саяхаттау арқылы адам ел көреді, жер көреді. Басқа мәдениет пен тілдермен таныс болады. Бой жазады.
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, балалар! Ал адам таза ауада серуендеп, саяхаттаса, бұл тіптен жақсы. Себебі таза ауа денсаулыққа пайдалы.
Оқушылар: Менің ойымша, ол ең алдымен өкпеге пайдалы сияқты.
Мұғалім: Ия, Асхат, дұрыс айтасың. Жалпы барлық ағзаға да пайдасы бар. Саяхат демекші, осы демалыста Шыңбұлаққа серуенді ұмытқан жоқсыңдар ма?
Саяхатқа шығу.
Саяхатқа шығуды ұнатпайтын адам жоқ шығар. Мен өз басым саяхат десе, ішкен асымды жерге қоюға дайынмын. Мейлі ауыл болсын, қала болсын, қыдырғанды өте қатты ұнатамын. Сапар шеккен адам ел көреді, жер көреді, ой – өрісі кеңейеді, бой жазып қайтады. Саяхатқа қатысты менің арманым бар, ол - ұлан байтақ еліміздің ірі қалаларын аралау, себебі Қазақстанда көрікті жерлер жетерлік. Әзірге осы арманымды ата - анамның арқасында ақырындап жүзеге асырып келемін. Жазғы демалыста отбасымызбен демалуға бір қаланы таңдап, сонда жол жүреміз. Әзірше біз киелі Түркістан, жер жәннаты Жетісудың орталығы - Талдықорған, оңтүстік астанамыз Алматы және еліміздің бас қаласы Нұр - сұлтанға сапар шектік. Әр қаланың өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Мысалы, Түркістанда біз киелі жерлерді аралап, аптап ыстықта жер асты құдығының суын ішіп, бұрынғы заманның сәулет өнері туындыларына тамсандық. Ал Жетісу өңірінде таудан сырқырап аққан Қаратал өзенінің бойында серуендеп, таза ауада демалып, табиғаттың сұлулығына тәнті болдық. Оңтүстік астанамыз аталып кеткен Алматыда серуендеп қыдыру мен аты әлемге әйгілі Алматы апортын татып көрудің өзі арман ғой, Алматыны тіпті өлең - жырға қосқан ақын - жазушылар қаншама десеңші... Алматыда серуендейтін жерлер өте көп. Солардың ішінде біз Көктебеге көтеріліп, әсем Алматыны жоғарыдан алақанымыздағыдай көріп таң қалдық. Аты әлемге әйгілі Медеу мұз айдынында коньки тептік, Абай атындағы ұлттық опера және балет теартының кезекті қойылымын тамашалап, Ә.Қастеев атындағы сурет галереясына да барып үлгердік. Еліміздің жүрегі – Нұр – сұлтан қаласының да көрікті жерлері аз емес, жыл сайын олардың қатары толықтырылып келеді. Тәуелсіз Қазақстанның сәулеттік символына айналған «Бәйтерек» монументі, «Хан-шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы және «Думан» ойын-сауық кешені біздің отбасымыздың сүйікті демалу орындары.
Келешекте тек Қазақстан қалалары ғана емес, сонымен қатар алыс шетелге де сапар шексем деп армандаймын және осы арманым іске асу үшін мен сабақты жақса оқып, шет тілдерін меңгеруім қажет.