В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
ako91545
ako91545
15.01.2020 20:07 •  Қазақ тiлi

Ұйқас деген не жане оны калай ажыратамыз табаныз ​

Показать ответ
Ответ:
kulaevasvetlan
kulaevasvetlan
19.01.2021 14:30

сделай ответ лучш

Объяснение:

Ұйқас — өлең тармақтарындағы аяққы сөздердің дыбыстас естілуі, үндестігі. Жалпы ұйқас ырғақты күшейтеді, тармақ жіктерін ажыратады. Ұйқас өлең жолдарын бір-біріне келген дейді, өлеңнің шумақ, тирада сияқты бөліктерінің әрқайсысын бір бүтін етіп тұтастырады, соңдықтан әр шумақтың немесе әр тираданың ұйқасы, суреті өз алдына бөлек-бөлек болып келеді. Қазақ өлеңі, оның ішінде Абай өлеңдері де аяққы ұйқасқа құрылған. Абай өлеңдерінде ұйқастың қазақ әдебиеті теориясың айтылатын түрлерінің (қара өлең ұйқасы, шұбыртпалы, ерікті, кезекті, шалыс, егіз, аралас ұйқастар) бәрі бар. Абайдың ерен ақындық шеберлігі мен жаңашылдығының көрінісі — өлеңнің шумақты-шумақсыз құрылымына, сондай-ақ, шумақты өлеңдерінің неше тармақтан тұратындығына қарай ұйқас суретін құбылту - Ақынның 4 тармақты, 7-8 аралас буынды өлеңдерінің көпшілігі -а, -б, -а, -б суретті шалыс ұйқасқа құрылған

0,0(0 оценок)
Ответ:
tanyushalyubim
tanyushalyubim
19.01.2021 14:30

Ұйқас — өлең тармақтарындағы аяққы сөздердің дыбыстас естілуі, үндестігі. Жалпы ұйқас ырғақты күшейтеді, тармақ жіктерін ажыратады. Ұйқас өлең жолдарын бір-біріне келген дейді, өлеңнің шумақ, тирада сияқты бөліктерінің әрқайсысын бір бүтін етіп тұтастырады, соңдықтан әр шумақтың немесе әр тираданың ұйқасы, суреті өз алдына бөлек-бөлек болып келеді. Қазақ өлеңі, оның ішінде Абай өлеңдері де аяққы ұйқасқа құрылған. Абай өлеңдерінде ұйқастың қазақ әдебиеті теориясың айтылатын түрлерінің (қара өлең ұйқасы, шұбыртпалы, ерікті, кезекті, шалыс, егіз, аралас ұйқастар) бәрі бар. Абайдың ерен ақындық шеберлігі мен жаңашылдығының көрінісі — өлеңнің шумақты-шумақсыз құрылымына, сондай-ақ, шумақты өлеңдерінің неше тармақтан тұратындығына қарай ұйқас суретін құбылту - Ақынның 4 тармақты, 7-8 аралас буынды өлеңдерінің көпшілігі -а, -б, -а, -б суретті шалыс ұйқасқа құрылған. Мысалы:

Желсіз түнде жарық ай, - а

Сәулесі суда дірілдеп. – б

Ауылдың жаны терең сай, - а

Тасыған өзен күрілдеп. - б

Абайдың 4 тармақты бірөңкей 7 буынды немесе бірөңкей 8 буынды өлеңдері -а, -б, -а, -б және -а, - а, -б, -а суретті ұйқаспен жазылған. 6 тармақты, шумақты кейбір ұйқас өлеңдері -а, -б, -а, -б, -в, -в түрінде келеді, бұл да Абай шығармаларынан басталатын ұйқастың түрі:

Ғашықтық іздеп тантыма - а

Аз күн әуре несі іс? - б

Өзіңнің қара артыңа, - а

Өткен өмір бейне түс. - б.

Синтаксистік құрылымы мен композициялық құрылысы, ырғағы мен ұйқас суреті жағынан қазақ поэзиясына Абай әкелген соны дүниелер, оның сегіз аяқтары, яғни, 8 тармақты, шумақты 3 өлеңі. Бұлардың ұйқас суреті -а, -а, -б, -в, -в, -б, -г, -г. Мұндағы -а, -а, -в, -в, -г, -г ұйқасымен берілген тармақтар өзара бір-бірімен синтаксистік әрі мағыналық жұптар түзеді, Абай поэзиясындағы ұйқасқа қатыстырылған сөздер өлеңнің мазмұнына, ойына, стиліне тікелей қатысты болып келеді. Оның Абайдың 1923 ж. Қазан қаласында жарық көрген өлеңдер жинағының алғашқы ішкі екі беті сатиралық өлеңдерінде адамның мінез-құлығын жағымсыз жақтан көрсететін сөздердің бір тобы еліктеуіш, бейнелеуіш сөздер. Сондықтан ақын «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»деген өлеңін бастан-аяқ қыртың, бұртың, тырқың, жырқың сияқты жағымсыз бейнелі сезердің ұйқасына құрады, жұртым, ұртың, құлқын деген мәнді, «бояусыз» сөздерді соларға ұйқастырады. Далпылдап, жалпылдап, бартылдап, барқылдап, шаңқылдап, тарқылдап «Болыс болдым, мінеки» деген өлеңінде, бос салақтап, бұтып-шатып, қудай атып деген сияқты бейнелі сөздер жағымсыз бейне жасау үшін ұйқасқа алынады. Тек жағымсыз бейнелерді жасауға ұйқасатын сөздерді таңдап алу - Абай шеберлігінің бір қыры. Мысалы:

«Единица - жақсысы,

Ерген елі - бейне нөл..,

Единица кеткенде,

Не болады өңкей нөл»

деген ойды бір өлеңінің өзегі еткен Абай орыстың «ноль» сөзін бейне етіп қазақ поэзиясына енгізеді де, оған ой екпінін түсіру үшін өлеңді бастан-аяқ осы сөздің ұйқасына құрады. Абай портрет жасауда да, пейзаж беруде де ұйқасты шебер пайдаланады. - ып (-іп, -п) жұрнақты өткен шақ көсемше тұлғасымен келген етістік ұйқастардың барлығы дерлік бейнелі қолданыстар, олар жазды күнгі ауыл суретін беруге (Ат, айғырлар, биелер Бүйірі шығып ыңқылдап, Суда тұрып шыбындап...), көбінесе, адамдардың қимыл-әрекеті арқылы олардың портретін жасауға қолданылады. Абайдың жалпы етістік тұлғаларын өлең ұйқасына алып бейне жасауға қатыстыруы бұрыннан келе жатқан поэтикалық амалды нығайтып, одан әрі дамытуы болса, екінші жағынан, оның өзіне тән қолтаңбасы. Өйткені, Абай пайдаланған етістік ұйқастар байырғы қазақ поэзиясындағы ашық райдағы тиянақты баяндауыштар емес (барады, алады, қалады сияқты), -ып жұрнақты тиянақты да, тиянақсыз да болып қызмет атқаратын көсемшелер, да шылауымен келген шартты рай тұлғасы (Жарқ етпес қара көңлім не қылса да, Аспанда ай менен күн шағылса да...), барыс септіктегі -у жұрнақты тұлғасы («Интернатта оқып жүр» деп басталатын өлеңінің ұйқастарын қараңыз), -мақ жұрнақты тұлғасы («Тотықұс түсті көбелек», «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» сияқты өлеңдерінің ұйқасына назар аударыңыз) болып келеді.

Өлеңнің көптеген шумақтары мен жеке бөліктерінің 1 ұйқасты (моно рифмалық) немесе әр түрлі ұйқасты болып келуінің оның композициясы мен ойдың берілу сипатына тікелей қатысы бар. Бір ұйқас тәсілі қазақ поэзиясында бұрын да қолданылып келген, бірақ, ол көбінесе, 7-8 буынды шумақсыз жыр өлшемінде қолданылған, ал, Абай бұл тәсілді 11 буынды 4 тармақты өлеңдеріне де енгізген және етістік бір айқаспен қатар, өзге сөз тұлғаларын да пайдаланған. Бір ұйқасты Абай әдейі қалайды, өйткені, ол ең алдымен ой тұтастығын жасауға көмектеседі.

Ө

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота