Ыңғайлас салалас болатын сөйлемді көрсетіңіз. A) Құнанбай Ұлжан қасына отырды да, Мәкіш пен Абайдың жүзіне қарады.
B) Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.
C) Кейде қабағы түксиеді, кейде бет әлпеті күлім қағады.
D) Қазақ мақалы бар: асыл тастан, өнер жастан.
E) Бірде көк ала қамысты көлдер қалып жатыр,бірде сары ала жон белестер қалып жатыр.
Жүздің түсін білгенше, бірдің атын біл.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
Алпыстағы атаңды жыққанша,
Алтыдағы атанды жық.
Он екі айда он үш той.
Алты ай баққан арықты бір түн ұрындырған өлтіреді.
Алты бала таппай ана аталмайды,
Бес бала таппай белгілі әйел болмайды.
Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама.
Бір күн ұрыстың қырық күндік қырсығы бар.
Айла алтау, ақыл жетеу.
Қыстың соңы жеті тоғыс, көктем басы бес тоғыс.
Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы болсын.
Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңге бірігіп ана болмас.
Ер- егіз, еңбек- жалғыз,
Еңбегі жанғанның тоқтысы егіз туады,
Еңбек пен бақыт – егіз
Құтты қонақ келсе, қой егіз табады
Мен және мені қоршаған орта.
Қоршаған орта дегеніміз - жан-ануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғым. Атамыз қазақ қашанда адам мен табиғат ұғымы егіз деп санаған, себебі адам да табиғаттың ажырамас бір бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сондықтан осындай баға жетпес байлық табиғатты аялау - біздің міндетіміз.
Менің ойымша, біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланысты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер етуде. Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді. Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.
Талай ақын жыршы ағаларымыз табиғатты өлең жырларына арқау етіп, жырлап өткен. Солардың біреуімен өз ойымды тәмамдағым келеді:
Табиғатта сезімде, құлақта бар,
Ренжітсең қайғырып жылап та алар.
Аяласаң жаныңа шуақ тамар,
Қажығанда бойыңа қуат тамар. - демек менің құрметті құрдастарым, бізді қоршаған ортамызды аялайық! Қолымыздан келгенше келер ұрпаққа табиғаттың әсемдігін сақтап қалайық!