В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
aygi777
aygi777
01.03.2023 18:34 •  Қазақ тiлi

Я делаю СОЧ и мне нужно сочинение ответьте

Показать ответ
Ответ:
Маришка1231
Маришка1231
24.10.2020 07:05

ответ:Мәншүк Мәметованың ата-анасының азан шақырып қойған есімі – Мәнсия. Анасы бала күнінде еркелетіп "Моншағым" деп, кейін Мәнсияның атын айтуға тілі келмей өзін "Мәншүк" деп кетеді. Құжат алар кезде де батыр қыз өз есімін "Мәншүк" деп жаздырады.

Майданда аяулы есімін асқақтатқан батыр қыз 1922 жылдың қазан айында Батыс Қазақстан облысы, Орал ауданында дүниеге келген. Оның балалық шағы Жасқұс деп аталатын ауылда өтті. Әкесі Жиенғали қоймада күзетші болып, ал анасы Тойшылша үй шаруасымен айналысқан. 1927 жылы Саратов қаласынан Мәншүктің ауылына оның туыстары – Ахмет пен Әмина Мәметовтер келеді. Мәншүктің туысқан ағасы Қанат оларды қонақ қылып, осы отырысқа Жиенғали мен Тойшылшаны да шақырады. Ұзақ уақыт перзент сүйе алмай жүрген Ахмет пен Әмина ата-анасына еріп келген бүлдіршінді бірден жақсы көріп қалады. Алыстан ат терлетіп келген ерлі-зайыптыны Мәншүктің ата-анасы да үйіне шақырып, қонақ қылады. Осы кезде ерлі-зайыпты үй иелеріне күтпеген өтініш жасап, Мәншүкті асырап алғысы келетінін айтады. Мәншүктің ата-анасы бұл өтінішті қабылдап, қыздарының қалалы жерде оқып, білімді азаматтардың қолында тәрбиеленуін жөн көреді. Жиенғалидің немере інісі Ахмет өз кезегінде Мәншүкті көзінің қарашығандай сақтап, қорған болуға уәде береді. Сондай-ақ, Мәншүктің ата-анасының тірі екеніне қарамастан, оны асырап алғысы келетінін айтады. Жиенғали ақыры сүйікті інісінің бұл өтінішін де қабыл алады. Үш жасар қызды асырап алған Ахмет – қазақтан шыққан алғашқы дәрігер, ал әйелі Әмина – әдебиет пәнінің мұғалімі әрі әдіскер. Тегін ауыстырған Мәншүк 1931-1938 жылдары Алматы қаласындағы №28 мектепте білім алады. Осы жылдар ішінде Мәншүктің туған анасы мен әкесі бірінен кейін бірі көз жұмады. 1938 жылы дәрігер Ахмет Мәметовке "халық жауы" деген жала жабылып, ату жазасына кесіледі. Бұл қайғылы оқиға моншақтай қыздың жүрегінде өшпес жара қалдырады. Жайсыз оқиғадан кейін Мәншүк дәрігер болу арманынан бас тартып, жұмысшы факультетіне оқуға түседі. Анасы Әминаның да басқан ізі аңдулы болып, Мәншүк соғысқа дейінгі жылдары көп қиындық көреді. Жесір әйелден барша дос-жараны теріс бұрылып, Әминаның мінезі жаман жаққа өзгереді. Тұрмыстары қатты нашарлап кеткендіктен, Мәншүк институттағы оқуын тастап, үкіметтің басқарма істерінде хатшы болып жұмысқа тұрады. 1940 жылы Мәншүк жалғыз қалып, ауылдағы туыстарына материалдық көмек сұрап хат жазады. Өкінішке орай, қаршадай қыздың бұл хаты жауапсыз қалады. Себебі, туыстары "халық жауының қызы" атанған Мәншүкпен байланысқа шығуға қорқады. Соғыс басталған жылы Мәншүк анасы Әминаның үйін тастап, жатақханаға көшеді. Небәрі 18 жастағы Мәншүктің жоспарларының бәрі кейінге шегеріледі. Бойжеткен әкесінің атылып кеткенін білмей, кеңес үкіметін қорғап, айдаудағы жақын адамын құтқару үшін майданға аттанады. Себебі, ол кезде қоғамда "Халық жауының" балалары өз еркімен майданға аттанса, ата-анасының бар жазасы кешіріледі" деген сөз тарады. Осы сөз құлағына тигелі Мәншүк бір жыл бойы әскери комиссариатқа әскерге бару туралы өтініш жазады.

Әлия Молдағұлова-1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Жетіру тайпасы Табын руынан шыққан. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған, ал 1935 ж. бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды. Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері – Артекке жіберіледі. Артекте батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген. Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярославль облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді.

1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.

Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды.

Әлия

Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген.

Әлия есімімен көшелер, ондаған мектептер (Мәскеудегі № 891 орта мектебі, Шымкенттегі № 29 орта мектебі, Новосокольники № 72 орта мектебі, Оралдағы № 38 орта мектебі), Әскери-теңіз флотының кемелері, Каспий жүк таситын теплоходы аталған. Ақтөбе, Астана, Алматы, Мәскеу, Санкт-Петербург , Новосокольники қалаларында ескерткіштер орнатылған. Ақтөбеде облыстық мемориалды музей жұмыс жасайды.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
Солнышко150986
Солнышко150986
08.12.2021 13:09

а.с. ғарышкер           

і.с. ғарышкердің

б.с. ғарышкерге

т.с. ғарышкерді

ж.с. ғарышкерде

ш.с. ғарышкерден

к.с.ғарышкермен

 

а.с.  шахтер

і.с. шахтердің

б.с. шахтерге

т.с. шахтерді

ж.с. шахтерде

ш.с. шахтерден

к.с.шахтермен

 

а.с.  мұнайшы

і.с. мұнайшының

б.с. мұнайшыға

т.с. мұнайшыны

ж.с. мұнайшыда

ш.с. мұнайшынан

к.с.мұнайшымен

 

а.с.  тәрбиеші

і.с. тәрбиешінің

б.с. тәрбиешіге

т.с. тәрбиешіні

ж.с. тәрбиешіде

ш.с. тәрбиешіден

к.с.тәрбиешімен

 

а.с.  аудармашы

і.с. аудармашының

б.с. аудармашыға

т.с. аудармашыны

ж.с. аудармашыда

ш.с. аудармашыдан

к.с.аудармашымен

 

а.с.  сәулетші

і.с. сәулетшінің

б.с. сәулетшіге

т.с. сәулетшіні

ж.с. сәулетшіде

ш.с. сәулетшінен

к.с. сәулетшімен

 

а.с.  күйші

і.с. күйшінің

б.с. күйшіге 

т.с. күйшіні

ж.с. күйшіде

ш.с. күйшінен

к.с.күйшімен

 

а.с.  композитор

і.с. композиторның

б.с. композиторға

т.с. композиторды

ж.с. композиторда

ш.с. композиторнан

к.с.композитормен

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота