Я onlinemektep.org
Online Mektep - BilimLand
Сырдың сұлу өзені
1-Тапсырма. Өлеңді мұқият оқып шығып, 5 есімдікті теріп жаз.
Білем сені, сүйем сені,
Сырдың суы - қарт анам!
Сенсің мені,
әлдилеген,
Туған сенен мен балаң.
Сүйсе Гейне анам десе
Сүйген суы – Рейнесін.
Сырдың суы туған ол да
Өз ақынын - Гейнесін.
Жазса Тарас Днепрді,
Жазса Пушкин Еділді,
Неге маған жырламасқа
Сырда туған елімді?!
2-тапсырма. Берілген сан есімдерді қатыстырып, 5 сөйлем құрастырып жаз.
Үштен бір, бесінші, сексен бес, жетеу, екі-екіден
Көнте – қон теріден жасалған қалың, жалпақ белдік.
Қамқа тон – иі қандырылып өңделген жұмсақ қой терісінен, қамқадан, өзге де әдемі аң терісінен жаға салып тігілген, қаусырмамен түймеленетін бағалы киім.
Құлақшын – аң терісінен, елтіріден тігілген, құлақты жауып тұрар бөлігі бар жылы бас киім.
1. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)
2. Абай неше ағайынды болған? (Жеті 7)
3.«Абай – қазақтың бас ақыны» дегенді кім айтқан? (Ахмет Байтұрсынов).
4.Абайдың қара сөздерінің саны қанша? (Қырық бес 45)
5. Абайдың немере інісі кім? (Шәкәрім)
6. Абай қай жылы дүниеден өтті? (1904 бір мың тоғыз жүз төрт)
7. Абайдан неше поэма қалған? (3 үш)
8. Көңілге түрлі ой салар, әнді сүйсең менше сүй! – деген өлең жолдары қай өлеңнен алынған? (Құлақтан кіріп бойды алар)
9.Ақын М.Ю. Лермонтовтан қанша шығарма аударған? (27 жиырма жеті)
10.Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңінде ақын қандай мәселе көтереді? (Достық мәселесі)