Өз туған тіліңмен қатар, өзің тұрып жатқан елдің тілін білу міндет, ал басқа ұлттың тілін білу қажет деп есептеймін. Себебі, тіл өзге халықтың мәдениетіне , салт-дәстүріне есік ашатын кілт секілді. Жаңа тілді үйренген сайын, адамның ой-өрісі , қоршаған ортаға деген көзқарасы да дамиды. Басқа елдің адамымен араласқан сайын мәдениеттілік те жоғарылайды. Көп тілді білген адам, қартайғанда мидың Альцгеймер, Паркинсон секілді аурулармен ауырмайтынын ғалымдар дәлелдеген. Ал көп адамның арманына айналған басқа елдерге саяхат ше? Қыдырып барған еліңде, біреумен сол тілде сөйлессең, дәрежең жоғарылай түседі.
1. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)
2. Абай неше ағайынды болған? (Жеті 7)
3.«Абай – қазақтың бас ақыны» дегенді кім айтқан? (Ахмет Байтұрсынов).
4.Абайдың қара сөздерінің саны қанша? (Қырық бес 45)
5. Абайдың немере інісі кім? (Шәкәрім)
6. Абай қай жылы дүниеден өтті? (1904 бір мың тоғыз жүз төрт)
7. Абайдан неше поэма қалған? (3 үш)
8. Көңілге түрлі ой салар, әнді сүйсең менше сүй! – деген өлең жолдары қай өлеңнен алынған? (Құлақтан кіріп бойды алар)
9.Ақын М.Ю. Лермонтовтан қанша шығарма аударған? (27 жиырма жеті)
10.Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңінде ақын қандай мәселе көтереді? (Достық мәселесі)