Ескі әдебиеттің соңы мен жаңаша жазба әдебиеттің басы болып табылатын зар заман ақындарының бір ерекшелігі де осында. Бұлар жай ғана ақындар емес еді, халық қамын ойлаған, келешегін кеңінен көре білген ғажайып ұлт қайраткерлері туған халқының болашағына бей-жай қарай алмады.
Олардың ең басты көтерген тақырыбы – ұлт ретінде жойылып, бодандық кіріптарлыққа түсуге қарсылық, азаттық деген құндылыққа сенімнің азайып кету қаупінен сескенгеннен туындаған өршіл жырлар. Сондықтан ақындардың өлең-жырларында патшалық Ресей шенеуніктерінің озбырлығы мен сұрқия саясаты жан-жақты суреттеледі.
Төрт түлік – мал: түйе, жылқы, қой, сиыр. Қазақ халқы осы төртеуін төрт түлік деп атаған. Ауыз әдебиетінде “төрт түлік малды құрадың” деген тіркес жиі кездеседі. Бұл дәулетіне сәулеті сай адамдарға арналып айтылған. Мысалы, “Байбөрі деген бар екен, Байбөрі малға бай екен, Төрт түлігі сай екен...” (“Алпамыс батыр” жырынан). Халық төрт түліктің әрқайсысының сақтаушы иесі бар деп ұғынып, оларды ойсылқара, қамбар ата, шопан ата, зеңгі баба деп атаған. Төрт түлікті кейде жұп (аша, айыр) тұяқ, тақ (тік) тұяқ деп те атайды. Қазақ төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген. “Нар жолында жүк қалмас” деген мәтел осының айғағы. “Ат – ердің қанаты”, “Мінсең – көлік, жесең – ет” деп жылқы малын да аса жоғары бағалаған. Сондай-ақ қой мен ешкі, сиыр малының да өзіне тән ерекше қасиеттері болатынын ұмытпаған.

Болама әлде тағы керекпа