Ғылыми фантастика (ағылш. scіence fіctіon – ғылыми туынды) — көркем әдебиетте, сондай-ақ кино, кескіндеме, т.б. өнер салаларында қалыптасқан жанр.
Ғылыми-фантастика өнердегі дербес жанр ретінде XX ғасырда қалыптасқанымен, оның қайнар бастаулары ежелгі әпсаналарда, ауыз әдебиетінде жатыр. Оған қиял-ғажайыптық, ертегілік қасиет те тән.
Фантастика (гр. phantasіa —– қиялдау, phantastіke – қиялдау өнері) ұғымының өзі де қиялдану өнеріне байланысты пайда болған. Қазіргі әдебиеттану мен өнертану ғылымында фантастиканың «ертегілік» және «ғылыми» белгілерінің ара-жігі ажыратылмаған. Әдебиетте ғылыми-фантастика – ғылыми поэзия және ғылыми проза болып, екі пішімде қалыптасты.
Ғылыми поэзия терминін әдебиеттану саласында алғаш француз поэзиясының теоретигі Рене Гиль «Сөз туралы трактат» (1896) еңбегінде қолданды. Ол ғылыми поэзияның белгілері ежелгі дәуір әдебиетінің өкілі Лукреций Кардың «Заттың табиғаты» поэмасында көрініс тапқанын мысалға келтіреді. Поэзиядағы ғылыми фантастика жалпы фантастикалық арнадан бөлекше, философиялық-әлеуметтік бағыттағы мүмкіндігімен ерекшеленеді. Ғылыми фантастика прозаның барлық жанрында (роман, повесть, әңгіме, т.б.) қарқынды дамып, көркем әдебиеттің арналы саласына айналды.
Қазіргі қазақ әдебиетіне ғылыми фантастика дербес жанр ретінде XX ғасырдың 70–80-жылдары республика жазушыларының шығармалары арқылы қалыптасты. Зерттеушілер қазақ әдебиетінде ғылыми фантастика жанрының алғашқы белгілерін ертегілерден («Ер Төстік», «Ұшқыр кілем», т.б.), аңыздарын («Қорқыт ата», «Баба түкті шашты Әзиз», т.б.) таратып, болашақты болжай білген халық қиялының ұшқырлығына тәнті болуда.
мәтінде ерекше сөздер барма?
Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау; пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке, ізеттілікке, техника қауіпсіздігін сақтауға тәрбиелеу.
Зерттеу жұмысы барысында ғаламтордың бүкіләлемдік өрмек екені, оның алысты жақындататыны, қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыратыны, сана-сезімді жоғары болатыны, ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыратыны, қажеттілікті толығымен қанағаттандыратыны, дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесетіні, әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болатыны және халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету (материалдарды және моральді жағынан болсын), яғни мүгедек адамдарға немесе отбасы ахуалы нашар адамдарға, жетімдер үйіне, денсаулығы нашар науқастарға қаржылай қол ұшын беретіні жайлы жайлы жан - жақты талдап көрсеткен. Зерттеу жұмысы барысында зерттеушіге ғаламтордың барлық сайттарындағы ақпараттары жеткілікті болды. Осы ғаламтордың ерекшеліктеріне, қасиеттеріне тоқталу керектігі жайлы мамандар бағыт - бағдар беріп отырды.
Әрине, келісемін. Менде киімдер көп емес, бірақ бәрі ұнамды киімдер.
Жылдың әр мезгіліне арналған киімдер ме?
Ия, мендегі жаздық киімдер арзан, жеңіл, қонымды. Ал, аяқ киімдер жоғары бағадағы, сапалы. Себебі, аяқ киімдер ыңғайлы болу керек.
Мені де анам солай үйретеді. Ол әрі басың да қысқы мезгілде жылы болуы керек, сондықтан жылы бас киімдер бірнешеу болу керек дейді.
Сенде сапарға шыққанда киетін киімдер бөлек пе?
Ия, сапарға шыққанда киетін арнайы киімдер бар.
Оның өзі де әр түрлі шығар?
Ол киімдер де әр түрлі, жазда, қыста, күзде, көктемде деп бөлінеді.
Ойынға киетін киімдер тағы бар.
Олар да әр түрлі ме?
Әрине, әр түрлі киімдер, мезгілге байланысты.