Ғылыми-фантастика өнердегі дербес жанр ретінде ХХ ғасырда қалыптасқанымен, оның қайнар бастаулары ежелгі әпсаналарда, ауыз әдебиетінде жатыр. Оған қиялғажайыптық, ертегілік қасиет те тән.
Қазақ ғылыми фантастикасы, басқа да әдеби жанрлар тәріздес, әуелі жұртшылықты ғылым негіздерімен
етене танысуға шақыруға түрткі болуы тиіс. Ол үшін жаңашыл үн керек еді. Қазақ ғылыми фантастикасы
ондай ғылым насихаткерін де тапты. Ол Шәкәрім Құдайбердіұлы еді. Өзінің нақтылы тақырыбы жоқ,
алғашқы жолы: «Мен адамның таппаймын өнерлiсiн...» деген өлеңінде «...Іш жарып, ішек жалғап, сүйек
қиып, Жамайды ерін, мұрын, түскен тiсiн. Аэроплан, телефон, громофон, электр, радий мен магнит iсiн..." -
дейді. Бір қараған көзге осы жерде ақын Шәкәрім ғылым мен техниканың өткен ғасырымыздың елең-
алаңындағы су жаңа жетістіктерінің, өзіне салса, танымгері. Оқырманға салса – өлең тілімен жырлаған
тәлімгер міндетін атқарып тұрған секілді. Иә, «секілді» емес, шынында да солай...
Тағы бір жағынан алып қарасақ:
Осыншама өнер тауып, асқан адам,
Әлемнің қиын сырын ашқан адам.
Ол үшін өмірге де айла табар,
Өлмей, жетер бірталай жасқа да адам!..
Керемет! Бұл дегеніңіз – кәдімгі кісі ағзасының белсенділігін мейлінше ұзарта түсу амалын қарастыратын
медицина саласы – геронтология ғой.
Шәкәрім “кісі мәңгілік жасауы тиіс" демейді. Тек қана “өлмей, жетер бірталай жасқа да" дейді. Мұның өзінде
де автордың өз заманынан едәуір озушылығы бар. Өйткені: Шәкәрім осы туындысын жазған тұстары қазақ
ауылындағы, санақ көрсеткіштеріне жүгінсек, өмір ұзақтығы алпысты ғана алқымдаса керек. Демек, мына
екі жол – ақынның ертедегі бір замандағы, Қорқыт атаның аңсауының рухани жалғасы тәрізді, арманы
десе де, қиялы десе де болады.
Яки, Шәкәрім ішінде қисынды қиял элементтері ұшырасатын ғылыми-фантастикалық дүние берді деуге
болады.
5-тапсырма
Мәтін бойынша 3 проблемалық сұрақ құрастырыңыз. (3)
Сөз таптары.
Сөз таптары — өздеріне тән лексика-семантикалық, морфологиялық және синтаксистік ортақ белгілердің негізінде қалыптасқан категориялары бар сөз топтары. Сөз таптары үш түрлі белгісімен сипатталады:
а) Белгілі топқа жататын сөздердің семантикалық жағынан бірыңғайластығы (мысалы, зат есімге заттық атаулар, етістікке қимылдық атаулар жатады);
ә) Сөз түрлендіруші грамматикалық категорияларының ортақтығы;
б) Синтаксистік қызметінің ұқсастығы. Бірақ бұл үш белгі сөз таптарының бәрінен бірдей табыла бермейді. Мысалы, зат есім, етістіктен үш белгінің үшеуі де табылады, ал одағайға екінші (морфологиялық) белгі тән емес.
Қазақ тілінде 9 сөз табы бар:
Зат есім
Сын есім
Сан есім
Есімдік
Етістік
Үстеу
Еліктеу сөздер
Шылау
Одағай
2. Сен әншісің Сен жейсің. Сен оқисың.
Сіз әншісіз. Сіз жейсіз Сіз оқисыз.
3. Ол әнші. Ол жейді. Ол оқиды.
Көпше: 1. Біз әншіміз Біз жейміз. Біз оқимыз.
2. Сендер әншісіңдер. Сендер жейсіңдер Сендер оқисыңдар.
Сіздер әншісіздер. Сіздер жейсіздер. Сіздер оқисыздар.
3. Олар-әнші Олар жейді. Олар оқиды.