ответ: Сейітқұл енбекқор болған ал оның ағасы барамташы , ұрлықшы , онай жолмен ақша тапқанды жақсы көрген .Қыпшақ Сейітқұл отыз үйлі тобрымен, жұрттың тегіс аттаныс барымтасы бар уақытта, бұл отыз үй кедейді қалайынша етсем байытып, халық қатарына қосамын деп ойға қалды. Сауда етуге мал жоқ, барымтамен мал алсам, бір күндерде жау да бізден қуып алады, ақырында бұрынғылардың айтып кетуінше, жортуыл басы жолда қалса керек. Соның бәрін де шамалап қарап, ақыр бір қыялға түсіп, Сейітқұл әуелі мекен еткендей бір орын іздеді. Көп жерлерді кезіп жүріп, ақырында Торғай төресіндегі Қабырға деген өзен-судың бойына тоқтады. Мына жақта Үргеніш, Қоқаннан, мына жақта қалмақтан шетірек және жаманшылық болса, қалың Қыпшақ деген руға жақынырақ екен деп, сол жерді ұнатып қайтқан соң, қысты өткізіп, жаздың жылы уақытында кедейлерді жалаңаш-жалпы көшіріп, Қабырға бойына алып келді. Сейітқұлдың бір ағасы бар еді, жол жүріп, ұрлық, барымтаны әдет еткен; інісінің қанша айтқан ақылына болмай, үш-төрт үймен жалғыз-ақ сол көшпей, ескі орны Түркістан жағында қалды.
Қабырғаның бойына келген соң, Сейітқұл қолына кетпен алып, отыз үйлі кедейіне де кетпен беріп, жер тегістеп, егін егуге кірісті. Түркістан жағында көрген үлгісімен судан арық қазып шығарып, егінге су жіберді. Егіні піскен соң орып, жыйып алып, артығын төңірегіндегі көшпелі
елге сатып, мал етті. Жаңа мекен еткен жеріне орныққан соң, Сейітқұл егінді жылдан-жылға күшейтіп, арық басына шығыр салып, суды шығырмен айдап, астықтың (ол күнде бидай, тары, арпа егеді) артығын төңіректегі елге малға айырбас етумен, бұлардың малдары көбейіп, бай болды. Мұны көріп әрбір көшпелі елдегі жарлы-жақыбайлар да келіп, Сейітқұлға қосылып келіп, бес-алты жылда Сейітқұл елі деген төрт жүз үйге таянды дейді.
Сейітқұлдың өзі де, жыйылған халқы да адалдары көбейіп, бай болды, ел жыйылып Сейітқұл жұрт ағасы болды, енді сол жұртының адал бейнет, табан ет, мандай терімен тапқан дәулетін аңдыған жаудан, ұрыдан, даладағы бөріден сақтаудың қамын ойлап, уайымға қалды. Солардан сақтану үшін, Сейітқұл жұртын жыйып кеңесіп, судың бір қолайлы жеріне шымнан биік қорған салдырды, малдарына реттеп бақташы, қару-жарақты қарауыл шыңдауыл жүргізді. Бұлардың былайша бір ауызға қарап бекінген халық екенін байқаған соң, малға қызыққан сырттағы көшпелі халықтар батып келе алмады. Бұл жағынан көңілі тыныш болған соң, Сейітқұл енді Бұхара, Қоқанға мал айдатып, ол кенттерден қазақ қолды әртүрлі товар алдырып, жылда егін піскен уакытта манағы қорғанда жәрмеңке реуішті базар болды. Көшпелі халық белгілі уақытта малын, жүн-жабағысын,
тері-терсегін келтіріп, егіншілер оларға астығын, товарын айырбас етіп, осы қалыпша бір жағы егін, бір жағы саудамен Сейітқұлдың жұрты жұрттан асқан бай болыпты.
Манағы Сейітқұлдың ағасы аттаныс-түсіспен жұрттың малын ұрлап бай боламын деп жүргенде, Қонырат жағында қолға түсіп, кім екені де белгісіз, біреу өлтіріп кетіпті; қалған мал-жанын ұрының малы деп Түркістан әкімдері талап алып, жамағаттарын Сейтқұл көп жылдар іздетіп, таптырып, қасына алыпты-мыс.
Сейітқұл, құрметті Тілеу Сейдалин сұлтанның айтуы бойынша, 1830-шы жылдарда өтіпті-міс. Сол данышпан кісінің ақылымен егінді әдет еткен
халық Қабырға суының бойында әлі көп. Жарлы болып, бөтен кәсібі жоқ кісілер Торғай жағында дереу егінге айналады, ерінбей азаптанса, бірнеше жылда түзеліп, халық қатарына қосылады.
Объяснение:Сейітқұл -еңбекқор, ақылды, тек өз басы емес, бүкіл ауылды еңбектің арқасында байытқан адам. Ағасы -барымташы, ұрлықшы, оңай олжамен өмір сүруді ойлап, соңында қазаға ұшыраған. "Ұрлық түбі -қорлық" демекші, Сейітқұл сияқты адал еңбекпен өмір сүру керек деп ойлаймын.
Қаптап жатқан қазақ. Жазы-қысы — қымыз, ойын-сауық —«кататься». Айт, той, құдалық, ат жарыс, күрес. Маскүнем, Төбелес. Үй қыдырған көлең-көлең ақ жаулық... Жаз шықса пароход, паром, желқайық,жасыл арал, қалың орман... Көкке шыққан, гуләйтсоққан, масайраған шат көңіл... Сырнай-керней...Қызық думан... Қайткенмен сергек қала.
Стипендиядан жырмалаған азды-көпті тиынның қызығын көргелі адам сияқтанып отыз тиынға бержабай жалдап, жексенбі күні ар жаққа тарттық.
Келген жылымыз. Қаланың жай-жапсарына қанық емеспіз.
— Ағай, жақсы қымыз кімде бар?
Бержабай әйелдердің атын шұбырта бастады.
— Жұмаш кімнің қатыны?
— Қатын емес,қыз...
Бақсақ, «Әбуқанипа», «Имам ағзамшылап», қымызшылар қатындардың атымен айтады екен.
Он минутта арғы қабаққа шықтық.
Ар жақ — қазақ даласы. Өзен өрлей салынған екі мешітті, бір шіркеулі, ығы-жығы тайпақ қала. Ағашы, кірпіші, төбесі, тоқалы жапырайған тәукеншік үйшіктер: «Бізді қазақтан басқа кім мекендесін?» дегендей, бет-аузы қисайып, көздері сығырайып, кемсеңдеп тұрған іспетті. Байлардың көк шатырлы салауатты сарайлары жаман-жұман баспаналарды - басып кететіндей қоразданып, басын көкке созады. Көк шұға тысты, жанат құндызды көк құмыра бөрік киген маубас, бордақы байлар ат-тұрманы жарқырап, көкмойын жегіп, былқылдақ қашабада шалқайып жатып, кататься соғады. Ескі-құсқы киім, етік-метігін қолтықтап, дорбасын, боқшасын арқалаған қаланың кедейлері жаяу-жалпы сүмеңдеп, сақалына сүңгі тұрып, базарға кетіп барады. Көпшілік тамақ тауып қайта ма? Әйтпесе сандалып, құрамай қауып қайта ма? Кім білсін?.. Жоқшылық қысып, еңсесі түсіп мең-зең болған сорлылар неден мұндай болғанын қайдан білсін?..
— Балалар, қайда апарайын?
— Қай жақынына апар!
— Жақыны Аққатын... Шәкет те алыс емес...
— Қай қызы барына апар, — дейміз.
Бержабайшы қос терезелі тоқал үйдің алдына ойысып тұра қалады.
Тымақтарын шекесіне салған төрт-бес желбегей сал даурығып, итермелесіп, тәлтіректеп үйден шығып келе жатады. Бізге оқшия қарайды да, «зиянсыз балалар» екенімізді білген соң, тұмсығын көтеріп жүріп кетеді.

Жетішатыр — жақсы қала.