В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
MonteCarlo
MonteCarlo
21.07.2022 10:33 •  Қазақ тiлi

Ылыми жобаның мақсатын негізге ала отырып,таңдалған тақырыпқа сай деректемелер кестесін құрастыру өтинем

Показать ответ
Ответ:
baandas
baandas
28.11.2020 09:16

Денсаулық жақсы болу үшін не істеу керек?

Денсаулық - адам өміріндегі баға жетпес құндылық екені ешкімге де құпия емес. Сондықтан денсаулықты қолымыздан келгенше сақтап, шымыр болуға тырысу керек. Жалпы мен өз басым денсаулықты сақтау үшін не істеймін? деген сұраққа жауап беріп көрейін.

Жаңа жыл басталысымен мен өз - өзіме «дәл бүгіннен бастап спортпен шұғылданамын және денсаулығымды күтемін» деп уәде бердім. Себебі, «еріншектің ертеңі бітпес» дегендей, спортпен шұғылдануды ертеңге қалдыруға болмайды. Спорт денсаулық кепілі болғандықтан, өз денсаулығымызға немқұрайлы қарамауымыз керек және әрбір адам жасы мен жұмысына қарамастан денсаулығына көңіл бөліп, спортпен шұғылдану керек деп ойлаймын.

Өз басым күнделікті спортпен айналысуды күн тәртібіме кірістіріп қойдым, таңертең бір мезгіл жүгіріп, кешке арнайы жаттығулар жасамақпын.

Спортпен шұғылданудың арқасында денім сау, ал өзім шымыр боламын.

Біраз уақыт жаттығып алғаннан соң мәнерлеп сырғанау үйірмесіне жазылғым келеді. Себебі, менің сүйікті спорт түрім – мәнерлеп сырғанау. Бұл спорт түрінде спортшы конькимен сырғанап, музыка сазына сәйкес әсем қимыл жасайды. Мәнерлеп сырғанаудың жекелей, жұптасып, топтасып сырғанау және мұздағы би түрлері бар. Мен жекелеп сырғанау бағытын таңдағым келеді, сонымен қатар музыкаға икемім де бар, жаттығу маған қиын болмайды деп ойлаймын.  

Денсаулық баға жетпес құндылық болғандықтан, біз салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығымызды күтуіміз керек. Сонымен қатар, соңғы уақытта дұрыс тамақтану да өзекті болып отыр. Бұл да оң өзгеріс деп санаймын.

Сонымен мен өз-өзіме денсаулығымды күтіп, спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтануға уәде бердім.

0,0(0 оценок)
Ответ:
куликов44443456
куликов44443456
14.06.2022 16:21

ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті

ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихы

– әдеби ағымдар өзара айқасқан,ақын-

жазушының әр түрлі бағыт ұстаған,атқарар

архиві,қарап оқыр кітабы,жарық көрген

ба зі мол,қысқасы бейнеті белуардан

келетін күрделі кезең.Осы тұстағы қазақ

әдебиеті өзіне дейінгі ұлттық

әдебиетіміздің бар асылын,үлгілі дәстүрін

ала отыра,дәуірге сай жаңа көркемдік

мүмкіндіктерді ашты.Әсіресе мұндағы Абай

өнегесінің құнарлы болғанын атап айтқан

абзал.Жаңа ғасыр табалдырығын

шығармашылық талаппен аттаған жас ақын

жазушылардың қай-қайсыда Абайды өзіне

пір тұтты.[1]

20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті ұлы

Абайдың ағартушылық, демократиялық

дәстүрін жалғастыра отырып,

отаршылдыққа қарсы күрес пен

тәуелсіздікті аңсау идеясын ашық және

батыл көтерді. Ахмет

Байтұрсынов,Міржақып Дулатов қазақ

халқының тарихи-мәдени дамудан кенже

қалып,қараңғылықта отырған күйін

суреттеп, елді өнер-білімге

үгіттеді.Жаңалыққа енжар,ұйқыда жатқан

қазақтың бірі «Маса» боп құлағына

ызыңдап,бірі «Оян, қазақ» деп, бар

дауысымен жар салады.[2]

Ғасыр басында әдебиетке келген ақын-

жазушылардың барлығы да осы дүбірмен оянғандар

еді. Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ әдебиетінен

көркемдік-эстетикалық тұрғыдан байытып,жаңа

жырлардың туып, жетілуіне үлес қосты.

Әдебиеттегі сыншылдық бағытты дамытып

,ағартушылық идеяны көркем сөз арқылы

өрістетуге С.Дөнентаев,

М.Сералин, С.Көбеев, Б.Өтетілеуов, Т.Ізтілеуов,

Н.Орманбетұлы, Б.Күлеев т.б елеулі еңбек сіңірді.

[3]

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931)

ХХ ғасырдың басында өмір сүрген әрі лирик,әрі философ,тарихшы, ғалы-зерттеуші,тере ң ойшыл а қын, қаза қты ң бес арысыны ң бірі Ш әк әрім Құдайберді ұлы

әрдайым халықтан қол үзбеді.Оның әшкерлейтіні де халы қ басында ғы кемшілік, ма қтан т ұтары да халы қты қ қазына. Әр кезе ңде жазыл ған «Бай мен қона қ»,

«Партия адамы», «Өкінішті өмір», «Қазақ», «Насихат», «Та ғы сорлы қазақ», «Қош,ж ұртым» т әрізді өлеңдерінде ұлтыны ң басында ғы х әлді шыншылды қпен

бейнелеп береді.Өзінің осы бағыттағы өлеңдерінде ақын сол кезе ңдегі қоғамды қ психологияны дәлме-д әл бере біледі. [5]

Ахмет Байтұрсынов (1873-1937)

Ақын,әдебиет зерттеушісі ғалым

,қазақ тіл білімінің

атасы,түркітанушы,публицист,педагог,

аудармашы,қоғам қайраткері Ахмет

Байтұрсыновтың ғалымдық,ақындық,

публицистік,қайраткерлік істері өз

заманында аса жоғары бағаланған.20

ғасырдың басындағы қазақ әдебиетін

бостандық пен тәуелсіздік идеясымен

байытқан. Қазақ әдебиеті тарихында

Абайдың орны қандай болса, қазақ

тілі мен мәдениеті тарихында Ахмет

Байтұрсыновтың орны сондай.Оның

өмірбаяны, тірлік-тынысы, ой-арманы

туған халқына деген қалтқысыз

қызметтен тұрады.[6]

Міржақып Дулатов (1885-1935)

Міржақып Дулатов қазақтың аса

көрнекті ағартушысы,қоғам

қайраткері,ақын,жазушы,жалын

көсемсөз шебері.Ақын әдебиет пен

мәдениетте жаңа демократиялық

бағыттың кеңінен, орын алып

дамуына зор үлес қосты. Бұл идея

«Оян, қазақ» атты өлеңдер

жинағында (1909жылы) қуатты ұран

болып естілді. Оның шығармалары

мен оқулықтары, қазақ даласына

кеңінен тарап,өлке халқының

оянуына,саяси-күреске араласуына

үлкен әсерін тигізді.[7]

Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931)

ХХ ғасырдағы қазақтың көрнекті

жазушысы, қазақ әдебиетінің алтын

қорына керемет көркем әдеби шығармалар

қосқан,сан қырлы дарынның бірі –

Жүсіпбек Аймауытов.Өзін әдебиетте

шағын әңгіме жанрындағы шеберлігімен

таныта білген. «Елес», «Әнші»,

«Қартқожа», «Ақ білек», «Күнікейдің

жазығы» шығармаларынығ қай-қайсында

да азаттық идеясы көрініс табады.ХХ

ғасырдың бас кезіндегі әдебиеттің

көшбасшысына айналған жазушы

әдебиеттің барлық жанрында дерліктей

еңбек етті және өзі қалам тартқан

жанрдың қай-қайсын да болсын, көрнекті

туындылыр жазады.[8]

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота