Ынып ІІ «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша бастапқы бақылау кескіні Оқушы: Сынып: 1-тапсырма. Тест сұрақтарына жауап бер. 1 дұрыс нұсқаны танда. 1. Мақалдың жалғасын тап: Отан отбасынан А) келеді Ә) басталады Б) аяқталады 2. «Отан» сөзінің синонимін белгіле. А) туған күн Ә) отандық Б) туған жер 3. Ә.Дүйсенбиевтің «Бәтеңке, Шұжық, Балқаймақ» өлеңі не туралы? А) сатушылар туралы Ә) ауыл туралы Б) ауылдағы еңбек туралы 4.Заттың ретін білдіретін сандарды белгіле. А) төртінші, он бірінші Ә) төрт, он бір 5. заңгер», «мұғалім», «дәрігер» сөздерін бір сөзбен қалай атаймыз? Б) төрт-төрттен, 10-11 А) үлкен адамдардар Ә) мамандықтар Б) дәрігерлер 6. Абай Құнанбайұлы кім? А) ақын Ә) жазушы Б) ғалым 7. А.Құнанбайұлының «Сұр бұлт, түсі суық, қаптайды аспан» өлеңі қай жыл мезгілі туралы? А) күз туралы Ә) қыс туралы Б) көктем туралы 8.Сақина, білезік, сағат, сырға – бұлар нелер? А) тауарлар Ә) зергерлік бұйымдар Б) көне ескерткіштер 9.Берілген сөздердің ретін анықта: туган (1) / тамаша (2) / менің (3) / өлкем(4) А) 3124 Ә) 3142 Б) 3214 10. Берілген сөздердің ретін анықта: Уәлихановтыңа) / Шоқан (2) / «Жоңғария очерктері» (3) / еңбегі (4) / бар (5) / деген(6) А) 365412 Ə) 213645 Б) 123456 2-тапсырма. Тірек сөздерді қолданып, жанрлық ерекшеліктерін сақтап Абай Құнанбайұлының өмірбаянын жаз. Өмірбаянның құрылымын есте сақта: 1. туған жылы, туған жері 2. отбасы туралы ақпарат 3. жұмыс орны, қызметі туралы ақпараттар 4. жетістіктері туралы ақпараттар Тірек сөздер: ұлы ақын / 10 тамыз 1845 жылы / қазіргі Семей облысы Абай ауданы / атақты Құнанбай болыс / Зере / Ұлжан / 10 жаста / Ахмет Риза медресесі / 3 жыл / араб, парсы, шағатай тілдері / орыс тілін өз бетімен үйрену / əкесімен бірге ел басқару ісімен айналысу / болыс болу? 10 жастан өлең жазу / 3 поэма, 45 қарасөзі, 100-ден астам аудармалары, 10-нан астам күйлері мен әндері, 500-ден астам өлеңдері Өмірбаян
Отанға, сол Отанның жүрегі — Москваға, қатерлі, қатал жау суық қолын созған кезде, сіздің атыңыз қараңғы түнде тұнық аспанға атылған жай оғындай жарқ ете қалды. Майдандағы әскерлерге нұрын шашты.
Ол — мың басы. Мың қолды бастаған отыз бір жастағы Момышұлы — Намысұлы боп шыға келді. Отанның әрбір адым жері үшін табан тіреп, қайсарланып, өжеттеніп тұрып алды. Қоршаудың өзін ерлікпен, өжеттікпен қаймықпай бұзып өтті.
Сол шақта астананы қорғаған мыңдар мен миллиондар арасынан «Момышұлының батальоны» өзгеше аталды, ерекше көзге түсті.
Оны генерал И.В.Панфилов мақтады. Газеттер жазып жатты. Ер еліне еткен еңбегін ерекшелігім демей, еліріп мақтан етпей, сол бір табиғи қалыпта қала білді. Мұнда ерлікке тән азаматтық көрінді. Сөйтіп, Бауыржан бастаған батальон Москва түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті. (113 сөз)
Дәрігер-қай-қайсымызды болсын қорғайтын Алладан келген жауынгер, оққағар қалқанымы. Нағыз дәрігер қаншама адамның көңіліне шарапат сеуіп, өміріне шипанұр сыйлайды. Адам болып дүниеге келген сәттен бастап оның ең бірінші құқығы-өмір сүру. Құқық деген әрбір сала бойынша заң жүзінде бекітілген. Дәрігердің атап айтатын құқықтарын білгені медицина саласына көптеген жеңілдік береді. Осы құқықтарға сай істелген жұмыста еш уақытта шалалық болмауы тиіс. Қазіргі заман талабына сай дәрігердің барлығы да өзінің құқығы жайлы мәліметті біле жүргені артық болмас еді.