В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Victoriya1234567890
Victoriya1234567890
13.01.2021 14:06 •  Қазақ тiлi

Қыпшақ Сейітқұл шығармасын сиппаттама Оқиғаның басталуы –
Оқиғаның дамуы –
Оқиғаның шиеленісуі –
Оқиғаның шарықтау шегі –
Оқиғаның аяқталуы –

Показать ответ
Ответ:
delacourr
delacourr
17.06.2021 22:12

Менің елім – Қазақстан. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде Ресей, Қытай, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Канада, Үндістан және Австралиядан кейінгі 9-орынды алады. Қазақстанның табиғаты әр алуан. Оның кең-байтақ аумағында таулар да, орман-тоғайлар да, кең жазықтар да бар. Климаты-барынша континентальді. Қазақ жері ұлан-байтақ, таңқаларлық әдемі жер. Еліміздің ұлан-байтақ даласында есепсіз байлық бар, бұл - сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер, пайдалы қазбалар. Қазақстанның байтақ жерінде Менделеев кестесінің 99 элементі бар. Бұл да біздің үлкен мақтанышымыз. Елімізде мұнай, көмір, темір, алтын, күміс және тағы басқа да байлықтар жеткілікті. Қазақстан мұнай қоры бойынша әлемнің көптеген мұнай өндіруші елдерінен алда тұр. Республикада қазіргі уақытта барланған және табылған 2,8 млрд. тонна мұнай мен конденсат қорынан және 1,9 триллион текше метр газ қорынан тұратын 172 мұнай, 42 конденсат және 94 газ кен орны бар. Оның ішінде хромның әлемдік қорының жартысынан астамы Қазақстан аумағында болса, одан өзге де қорғасын, мырыш, мыс, алтын мен күмістің бай қоры бар. Вольфрам қоры бойынша екінші, марганец қоры бойынша үшінші, қорғасын мен молибден қоры бойынша төртінші, темір кентасының қоры бойынша сегізінші орын алады. Жетекші өнеркәсіп салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Жоғары сапалы мыс пен мырыш, қорғасын мен кадмий әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие.

Қазақстан - дәнді дақылдар (негізінен астық), азық-түлік пен техникалық дақылдардың (күнбағыс, мақта) ірі өндірушісі. Ауыл шаруашылығындағы негізгі салалардың бірі - мал шаруашылығы. Ол жеңіл өнеркәсіпті шикізатпен, халықты тамақ өнімдерімен қамтамасыз етеді.

Қазақ елі өз мәдениетін дамытқан ел. Қазақ халқы салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл-оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер Н.Шайкенов: «Ұлт дәстүрі – заңнан биік», – деген. Демек, салт-дәстүрлі ел – мықты әрі тұғыры берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, өнегені әдет-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген.

Қазақстан ғылымы да әлемдік ғылым қазынасына зор үлес қосты, іргелі ғылымдарды түбегейлі зерттеуге бағытталған ірі институттар жұмыс істейді

0,0(0 оценок)
Ответ:
мам65
мам65
24.08.2022 18:56

Ай мен Күн. Ай сөзі айяз тұлғасынан шыққан. Айяз тұлғасы көне түркі тілінде «таза» деген мағынаны білдірген. Г.Вамбери пікірінше, «ай» сөзі ақ сын есімімен байланысты. Дәлел ретінде «ай юз лук» ұғымына тоқталады. Ай сөзі о баста ақ түсті білдіретін сын есім болған. Осыдан келіп тіліміздегі сын есім туындаған, яғни ай-ах-ақ. Ай мерзімі 4 ширекке бөлінеді: бірінші ширегі – толық ай, одан кейінгісі жарты ай, өліара – соңғы ширегі, одан жаңа ай.

Ұлттық дүниетанымымыздағы Ай мен Күнге байланысты аңыз-әңгімелер, ырым-жоралғылар, табу мен тыйымдар этномәдени ерекшелігімізді танытады. Аңыз бойынша Ай мен Күн егіз туған керемет сұлу екі әйел екен. Әсіресе Ай сұлуырақ болып мақтанып, Күн оны қызғанады. Айдың бетін тырнап, оған дақ түсірген. Кесірлі Ай жазасын осылай тартқан. Ай бетіндегі «қарауытқан дақ осыдан қалған-мыс».

Айдың кеш туғанын және кемігенін тілімізде ай қорғалады тіркесі арқылы береді. Мұның этномәдени когнитивтік мәні Күнге жақындап барғанда Ай «қорғалап» бетін жасырады, ал қашықтағанда Ай толып, Күнді қызықтырып, бетін түгел көрсетіп, ереуілдейді дегенді білдіреді. Бұл ертедегі Ай мен Күннің өзара орналасуына байланысты жаңа Ай, ширек Ай, толған Ай болып Ай түрінің өзгеру құбылысын аллегориялық формада қисындырып түсіндірмек болғаннан туындаса керек. Ұлттық дүниетанымымыздағы түсініктерге сай Ай мен Күнді салыстыра келе, Айдың жүзіне көз тоқтатып қарауға болады, кісінің жүзі таймайды, ал Күн ащырақ, тура қарай алмайсың. Сондықтан Ай сұлуырақ дейді кейбіреулер. Ал, бірақ Күн мен Айды шын мәнісінде салыстыратын болсақ, әрине, нағыз сұлулық Күнде. Күн жарық пен жылылықтың сарқылмас көзі, ал астрономиялық тұрғыдан Ай өзі жарық шығара алмайтын қараңғы дене екен.

Қазіргі тілімізде ай және күн атауымен байланысты ай қорғалау, ай тұтыну, ай қарамысы, бетін айдай қылу, ай қарап отырма, айың оңынан тусын, күн тоқырады, күн жайлату, күн қайыру сияқты этнофразеологизмдер де мол. Тегінде қазақтың ауыз әдебиеті үлгілеріндегі сөз қолданыстарға қарағанда Айдың қадірі Күннен артық болмаса кем түспейді. Мәселен, «ай десе аузы, күн десе көзі бар» немесе «айым да сен Ғалия, күнім де сен» деген сияқты толып жатқан теңеулерді және Айсұлу, Айбала, Айкерім, Айгүл, Айкүнім, Айжарық деген сияқты Ай түбірлі антропонимдік атаулардың этностың рухани дүниетанымында көп тарағанын дәлелдей түседі.

Айдың ортасы, яғни 15 күні Ай тура Күнге қарама-қарсы тұрады да, бізге толған ай болып көрінеді. Ақындар поэзия тілінде сұлу қыздың бейнесін осы 15-тегі толған Аймен салыстырып, соны теңеулер жасайды. Мысалы:

Жалғыз қызы Гүлбаршын

Он бесте туған ай еді (Алпамыс батыр)

немесе

Толған айдай толықсып

Ақ сазандай бұлықсып,

Бұралып кетіп барады

Неше алуан қылықсып (Қыз Жібек).

Бір қызық нәрсе, Күнді құдірет тұту сенімінен рухани дүниетанымымызда, ел арасында із қалмаған. Мұны Шоқан Уәлиханов та өз жазбаларында растай түседі.

Тіліміздегі «күн көру», «күнелту», «күні қараң», «маған да күн туар», «күнің маған түсер», «күнің өшкір» сияқты тұрақты тіркестер мен сөз қолданыстардың мазмұнынан күннің жердегі тіршіліктің көзі екенін халықтың дүниетанымдық көзқарасынан аңғаруға болады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота