Ырықсыз етіс қатысқан сөйлемді тап. * А) Алғысын жаудырды. В) Қасиетті туған жерді көркейт. С) Дұрыс қанаттанған түзу ұшар Д) Жиналыс өткізілді. Е) Тайынбаған тауды жығады.
«Кітап – алтын сандық», «Кітап – білім бұлағы, білім - өмір шырағы» деген даналарымыздың сөздері бекерге айтылмаса керек. Өйткені адамзат тарихының өзі кітап. А жабырқаған сәтте де жанына медетті осы кітап беттерінен іздейді емес пе? Ал бүгінгі заманауи озық технология заманында өсіп келетін жас ұрпақтың кітап қасиетіне үңіле бермейтіні жасырын емес. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «ХХІ ғасыр – мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі - кітапта» деген болатын. Осы орайда жастардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, оның рухани құндылықтарын ұғындыру және тілдік қорын дамыту мақсатында шілденің 26-сы күні аудандық Достық үйінде «Кітап – сарқылмас рухани қазына» атты аудандық байқау өтті.
Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы – Көкшетау», «Жер жаннаты – Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.«Су ішкен құдығыңа түкірме»«Бұлақ көрсең, көзін аш»деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы , найзағайдың жарқылы, судың м9зға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді.Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайкалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы – осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады.