«Қырықтың бірі - Қыдыр» деп санаған қазақтар үйіне келген бейтаныс жолаушыға ықылас, құрмет танытып, қонақ етіп күтсе, байлық пен ырыздық келеді. Ал жолаушыны сыйламаса, несіп-ырыздығына кесірі тиеді деп сенген. Жолаушы келген ауылына түстеніп, ат-көлігін суытып, тынығып аттанған. Көшпелілер қоғамында жолаушы кең даладағы оқиғалар туралы хабарды жедел жеткізуші, ақпаратты алмастырушы міндетін атқарған. Жолаушыны әдейі ауылына бұрып әкеліп, алыс-жақынның жаңалығын тыңдап аттандыратындар да болған. Жолаушыға қиын-қыстау жағдайда қол ұшын берген жан кейін қимас жолдас, дос-жаранға айналған. Қазақ халқы жолаушыны аса құрметтеген. Жолаушы жүрген адам кездессе, оны үйіне әкеп, шай беріп, ат-көлігін жайлап, көмектесіп отырған. Жолаушыдан бата алатын болған. Көшпенді өмір кешкен бабаларымыз жол жүрудің жайын жақсы білген. Ағайын-туыспен араласу үшін немесе жоғалған нәрсесін іздеу үшін, жолға көп шығатын болған. Ата-бабаларымыз табиғатпен етене жақын болып, жолға шыққан жолаушылар жол бағдарын жұлдызға қарап болжап, адаспаған. Қазіргі кезде жолаушы ұғымы экономикалық категория ретінде қолданылады. Халқымызда жолаушыға қатысты көптеген мақал-мәтелдер бар. Мысалы, «Жолы болар жігіттің желі оңынан соғады» десе, «Жалғыз жүрсең, жолмен жүр, жолдан жолдас қосылар. Жолдан жолдас қосылса, жолың болмас несі бар» деп жақсы жолдастың қасиетін айтқан.
«Жолаушыны жол сынайды» деген мақал арқылы сапар ауыртпалығын білдірген. Қазіргі кезде жолаушы ұғымы экономикалық категория ретінде қолданылады.
Мәтіннің стилін анықтап, себебін дәлелдеңіз
Мәтіннің жанрын анықтап, себебін дәлелдеңіз.
3.Мәтіннің тақырыбын анықтаңыз.
4.Мәтіндегі мақал-мәтелдерді автор қандай мақсатта қолданған?
5.Қазіргі кезде жолаушы ұғымы экономикалық категория ретінде қолданылады» сөйлемі арқылы қазіргі жолаушыға баға беріңіз.
Аққулар ұйықтағанда.Мұқағали Мұқатаев.
Поэмада аққуын жоғалтқан Жетім көл суреттеледі.Баласы өлім қәлінде жатқан ана шарасыздықтан Жетім көлге келіп аққуды атпақ болады.Ақын тамсандырып атқан таңды, сайраған бұлбұл үнін,көл бетінде тербетіліп ұйықтаған аққуларды өте әсерлі суреттеген.Тұмсығын мамығына тығып, ұйықтаған тәкәппар аққу құсқа айдын төсек,аспан көрпе болып бүкіл табиғат көлге табынғандай көрініс келеді көз алдыңа.Ағарып атқан ақ таңда аққуда,айдында ақ нұрға бөленгендей әсер қалдырады.Аппақ таңмен оянған аппақ аққулар аққу мойындарын бұрып күнге қарап таранып сыланғаны қандай ғажап.Жаны,ары сұлу аққу құс мамығын тұмсығымен тарап,сәнденіп,суға сүңгіп шомылғаны тамсантады.Ақын сұлулықтың асқақ бейнесін суреттегенде көз алдыңа айдында сыңарымен жүрген сұлуда кербез аққулар елестейді.Халқымыз аппақ аққуды сұлулық пен махаббат символы ретінде біледі.Ару қызды аппақ аққуға теңейді.Поэмада аппақ аққу арқылы сұлулықтың асқақ бинесін көрсете білген.Көл айдыны сұлуда кербез аққу құссыз жетім,көл аққусыз қалмасын.