Қысқа уақыттың ішінде алаш жұртының ару Астанасы төрткүл дүние тамсанатын, әлемнің атақты астаналарымен салтанат жарыстырып, бой таластыра алатын бас қаласы ретінде қалыптасты. Тәуелсіз Қазақстанның Елордасы жұмыр жерді толғандырған тақырыптар талқыланатын, салиқалы саясат, тұғырлы экономика, дінаралық келісім кеңестері өтетін жаһандық орталық дәрежесіне жетті. Соның айқын дәлеліне келсек, 2010 жылғы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етіп, Астана Саммитін өткізгелі бері Елорданың мерейлі мәжілістер өткізе алатын деңгейі қуаттала түскендей болды. Айбарымызды асқақтатқан Азиаданы қоспағанда халықаралық саяси һәм экономикалық маңызды мәселелер талқыға салынған жиындар, жоғары деңгейдегі халықаралық шешімдер қабылданған мәжілістер соның айғағы. Бір сөзбен айтқанда, Астана қазақ даласының ғана емес, күллі Орталық Азияның, Еуразияның да беделін алға сүйреп келеді. Ал ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі секілді жаһандық деңгейдегі шаралардың да Астанада өткізілуі Елорданың даңқын арттыра түскені сөзсіз. Расында, ЭКСПО халықаралық көрмесі байтақ қаламыздың көркін ғана емес, даңқын асыра түсті. Мұндай ауқымды шараның өзі еліміздің ертеңін күрт өзгерткелі тұр десек артық айтқандық емес. 2. Мәтіннен Астана қаласының абыройын асқақтатуға үлес қосқан елеулі оқиғаларды іріктеңіз. Неологизм сөздер, термин сөздерді ажыратыңыз.
Елеулі оқиғалар: /1б/
Неологизм, термин сөздер: /2б/
Көтерілді көңілім.
Жек көрмедім сендерді,
Серуендеді серігім.
Жаз маңдайы жарқ етсе,
Қаз - құстары қаңқ етер,
Кімнің жылытпас көңілін.
Егіншілер сайлады
Мойынтұрық, самиян,
Ат, атан, өгіз - көлігін.
Жер киініп, құс келіп,
Мына жылы шуақта,
Жан - жануар бір алды,
Басындағы бөрігін.
Қыстайғы науқас қара жер,
Шығарды ауру - өлігін.
Бозбалалар ат ұстап,
Аударысып жарысып,
Бастады тағы желігін.
Бойжеткен қыз, келіншек,
Топтанып, сапқа тізіліп,
Бүйрегінен бүлкілдеп,
Әзілдесіп, езіліп,
Суға түсіп жабырлап,
Жарқ еткізіп өңірін.
Диқаншылар қуанып,
Балалар мәз боп қуанып.
Тұқымның шашты төгінін,
Боталы түйе,қозылы қой,
Құлынды бие, буаз мал,
Толтырды кекпен желінін.
Саятшы, мерген іздеп жүр
Таудың ұлар, елігін.
Жаз - құдаша келді де,
Қыстың зәрін тарқатты.
Жаз - құдаша жарқылдап,
Жер бетіне көк көрпе
Салды дағы отырды.
Жаз-құдаша
Мен шаттанып қуандым
Түскендей - ақ келінім.
Қуансам да мәз болып,
Қолайсыз уақ кез болып,
Табиғат жасап таршылық
Қолдан тартып ап кетті,
Күткен құдашамыздың,
Төрт - ақ ай ғып өмірін.
Әдеби әлемнің танымал туындылары оқырманына дәуірдің тыныс-тіршілігі мен тарихи кезеңдері, әлеуметтік теңсіздік пен қоғамдық құндылықтар, сондай-ақ автордың тебіреністері жайында сыр шертеді. Абайдың ұлы поэзиясы, Толстойдың тарихи прозасы, Ибсенның новаторлық драматургиясы біз үшін өткен күндердің картинасын құруға және де сол заманның әлеуметтік санасына кіріп кетуге мүмкіндік береді. Әрине, бұның барлығы да әдебиеттің құдіретті күші. Ол бізге шетел асып, шекараны бұзуға көмектеседі: түрік әлеміне жақын боламын десең, Памуктың романдары, ал үндістердің өмірімен танысамын десең, Рушдидың прозасы бар. Алайда, жазушы болу — үлкен жауапкершілік, әрі кез келгеннің қолынан келе бермейтін өнер. Содан болар, қазіргі жазушылардың көтерген әдеби жүктерінің ауырлығы соншалық, посткеңестік кеңістікте ұлттық проза кенжелеп, жазушы деген атақ құнсызданып бара жатқандай...