В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
podgainiyroma
podgainiyroma
21.02.2020 23:55 •  Қазақ тiлi

Өыш бұйымға салынған көрем өрнек түрін анықта.​


Өыш бұйымға салынған көрем өрнек түрін анықта.​

Показать ответ
Ответ:
KostyaBit
KostyaBit
18.03.2023 15:27
1858-1931ж.ж.Шəкəрім Құдайбергенұлы.Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген. Қазақ ақыны, ойшыл, композитор, аудармашы. Әкесінен жастай жетім қалып, немере ағасы Абай Құнанбаевтың қолында тәрбиеленді. Бұл жағдай Шәкәрім Құдайбердіұлының дүниеге көзқарасының қалыптасуына, ақындық шеберлігінің шыңдалуына зор әсер етті. Орыс, араб, парсы, түрік тілдерін жетік меңгеріп, Батыс, Шығыс әдебиетін зерек білді. Жеті жасынан бастап өлең жазып, өмірінің ақырына дейін ағартушылық бағыт ұстады. Абайдың жаңашылдық дәстүрін дамытып, Абайдан кейінгі екінші реалист ақын атанды. Ақынның творчествосы сан-салалылығымен ерекшеленді, оған көңілдің шат-шадыман әуені де, көкіректі қарс айырған трагизм де тән. Ақын нақты өмір суреттерін, туған табиғаттың әсемдігін тебірене жырлады. 19ғ. — дың аяғы мен 20ғ. -дың басындағы қазақ өміріндегі оқиғаларға, құбылыстарға қызу үн қосты. «Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық!» (1877) өлеңінде талапты жастарды ұлы Абайдан үлгі-өнеге алуға, содан үйренуге шақырса, «Жастық туралы», «Кәрілік туралы» (1879) өлеңдері Абай үлгісінде жазылып, адамның өмір жасын жыр етеді. «Өмір», «Сәнқойлар», «Ызақорлар», «Құмарлық», сияқты дидактикалық өлең-жырларында боямалы ажарды, жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады. Ғашықтық сезім таза, пәк жүректен маздайтынын айта келіп, («Анық асық әулие», «Шын сырым») адамгершілік ақ жолға, өнер-білімге үндейді. «Жастарға» (1880), «Арман», «Насихат» (1881) атты өлеңдерінде әртүрлі тап пен топ өкілдерінің ниет, мақсаттарын шеней келе, қоғамда әлі моральдық өлшемнің дұрыс қойылмағанын сө з етеді. Ш. Қ. — қазақ поэзиясында оның философиялық саласын дамытқан ақын. Бірақ кейбір өлеңдерінде («Бай мен кедей», «Бай мен қонақ») мәселенің әлеуметтік мәнін ашуға бара бермейді. Үстем таптың озбырлығын, қиянатын айтумен шектеліп, «еңбек ет, бөтенді қанама, ісіңе арың басшы болсын» деп уағыздайды. «Жуандар» деген өлеңінде байларды сынайды, бірақ таптық көзқарасты санасына терең сіңіре алмай, ағартушылық көзқараста қалып қояды. Ақынды қатты толғандырған мәселенің бірі — қару-жарақтың адам мен табиғатқа қарсы жұмсалуы, империалистік соғыс кезінде адамның қырылуы, озбырлық пен зорлықтың орын алуы. Мұндай келеңсіз кесепаттарға қарсы жазылған өлеңдері Шәкәрімнің интернационалдық ой, толғаныстарының биіктігін, заманалылығын аңғартады. («Патшалар сансыз шығыс қылады», 1919; «Адам немене» 1915), «Бостандық таңы атты», « Бостандық туы жарқырап» (1917) өлеңдері Қазан революциясына арналған. Ақын жарқын өмірді, болашақты, бейбітшілік пен берекелі тұрмысты жырға қосты. Әлеуметтік жағдайға байланысты тұңғыш рет «Шаттық» деген сөзді қолданғанымен, Ш. Құдайбердіұлының жаңа заманның өзгерісіне үн қосуы әлі де тосаң. Оның мұраты бұрынғысынша адал еңбекте, рулық жікшілдікті жоюда, әділеттігі жарасқан тұрмыс құруда еді. «Қош жұртым» өлеңінде (1931) жапан түзде жалғыз жатқанмен халықтан қол үзбегенін, болашаққа сеніммен қарайтынын білдіреді. Бұл ойын С. Мұқановқа жазған хатында (3.2.1931) айқын білдірген. Шәкәрім ауыз әдебиетінің суырыпсалма ақындар поэзиясының жазба әдебиетке ауысуына зор қызмет етті. Лирикалық жанр түрлерінің дамуына, мазмұнының етене жақындасуына мол еңбек сіңірді. Көптеген өлеңдеріне ән шығарды. Абайдың кеңесі бойынша «Қалқаман — Мамыр» дастанын жазды. (1888). Мұнда кіршіксіз махаббат дәріптеліп, ел билеушілер орнатқан қатыгез тіршілікке қарсылық, оны айыптау бар. «Еңлік — Кебек» дастанында (1891) бірін-бірі сүйген екі жастың қасіретін ескілікті салт-сананың қатып қалған уағыздарымен байланыстырады. «Айсұлу — Нартайдың» поэмасы жамандықты жазаласа, «Әділ — Мария» романында шынжыр балақ, шұбар төс алпауыттардың зорлық-зомбылығына қарсылық білдіріп, революцияның жеңісін хабарлаумен аяқтайды. Шәкәрім Құдайбердіұлы — «Қодардың өлімі», «Крез патша» дастандарының авторы. 1905 жылы Шәкәрім Құдайбердіұлы қажылық сапар шегеді. Меккеге барған бұл сапарын пайдаланып, ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырады. Стамбул, Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптарды оқиды. Осылай жинаған материалдар негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ Һәм хандар шежіресі» (1911) кітабын, қисындарын қазақ мүддесіне үйлестіре түсу мақсатымен «Мұсылмандық шарты» деген еңбек жазды. (1911) Бұл тұста ақынның діншілдігі ғана емес, үлкен ойшыл философ екендігі айқын танылды. Ол жаратушы алланы ақылға салып түсінуге ұмтылыды. Дін бұзушыларды қатты сынға алады. («Көнбеймін дінді теріс бұрғаныңа, Сопының бара қойман құрбанына». Абай сияқты Шәкәрім де феодалдық- рулық ортаның мінез-құлқын, моралін жат көрді, сол кездегі қазақ қоғамындағы әлеуметтік жарықшақты көре білді. Шәкәрім патриархалдық пен кертартпалыққа қарсы күресте мәдениет пен ғылымның жетістіктеріне сүйенді, халықтар достығы мен туыстығын қуаттады. («Мен ұлтшыл емеспін, жақыным мынау демеспін»). Орыс, батыс әдебиетінің тамаша үлгілерін қазақ оқырмандарына таныстырды.
0,0(0 оценок)
Ответ:
seks73839
seks73839
07.09.2022 15:57
Алғашқы кең қолданыс тапқан теледидарлардың өндірісі XX ғасырдың 30 жылдары басталған. Алайда, бұл ашылудың жүзеге асуы үшін ғалымдар ондаған жылдар ішінде аянбай еңбек етіп, мыңдаған тәжірибе жасаған. Теледидар тарихы фотоэффект құбылысының ашылуымен тікелей байланысты. Алғашында ішкі фотоэффект құбылысы қолданыс тапқан, оның мағынасы мынада еді: кейбір жартылай өткізгіштер жарықтандырылса, олар өз электр кедергісін күрт өзгертеді. Осындай қызық ашылуды алғаш рет ағылшын ғалымы Смит жасаған болатын. 1873 жылы ол кристалданған селенмен жасаған тәжірибесі жайлы баяндап, ғалымдармен ой бөліскен. Бұл тәжірибеде селен жолақтары платина кірістері бар түтікшелердің ішінде дәнекерленген. Түтікшелер күн сәулесі түспейтін қараңғы жерлерде сақталынатын. Қараңғы жерде селен жолақтарының кедергісі күрт өсіп, тұрақтылық көрсеткен. Күн сәулесі сәл түскен жағдайда, селеннің өткізгіштігі 15-100 %-ға жоғарлайтын. Кейін келе Смиттің жасаған ашылуы теледидар өндірісінде кең қолданыс тапты. Кез келген затты жарықтандырса немесе өзі жарық көзі болса, ол көрінеді, бұл бәрімізге мәлім. Бақылап отырған затымыз жарық немесе қараңғы бөліктері бір-бірінен шағылған немесе жарқыраған сәуле интенсивтілігімен ерекшеленеді. Теледидардың жұмыс істеу принципі де осының негізінде құрылған: кез келген бейнені жарық немесе қараңғы түктелердің жиынтығы деп қарастыруға болады. 1888 жылдың ақпанында орыс ғалымы Столетов жарық көзінің тоққа әсерін айқындайтын тәжірибе жасап, бұл құбылысты сипаттайтын бірнеше заңдылықтарды ашады. Қазіргі фотоэлеметтердің түп бейнесі болып табылатын құрылғыларды құрастырып, «электр көзі» деп аталатын құрылғыны ойлап табады. Кейін келе осыған ұқсас жұмыстармен Ф. Ленард, Дж. Томпсон, О. Ричардсон, П. Лукирский, С. Прилежаев деген ғалымдар айналысқан. Бірақ фотоэффект құбылысын толықтай тек Альберт Энштейн түсіндіре алды. Бұл зерттеулермен қатар, теледидардың дамуы мен құрастыруына зор үлес қосқан басқа да тәжірибелердің ашылуы кең етек алған. Мысалы, 1879 жылы ағылшын физигі Уильям Крукстың ойлап тапқан құрылғысының (люминофор) жұмыс істеу принципі қызық еді. Құрылғыға катод сәулесін түсіргенде, ол жарқырап тұратын. Кейін келе люминофордың жарықтандыруы, оған түсірілген сәулелену күшіне тура пропорционал екендігі анықталды. 1887 жылы алғашқы катод-сәуле түтікшені неміс физигі Карл Браун құрастырып, ғалымдардың оң бағасын алған еді. 1907 жылы Борис Розин Карл Браун шығарған катод-сәуле түтікшенің көмегімен бейне алудың теоретикалық мүмкіндігін айқындайды деген пікірге келеді. Розин бұны іс жүзінде де жүзеге асырады. Бейне ретінде қозғалмайтын бір нүкте алғанына қарамастан, бұл теледидардың дамуына әсер еткен батыл қадам еді. Жалпы айтқанда, электронды телевизионды жүйелердің дамуына Розин аянбай тер төкті. 1933 жылы АҚШ-да өмір сүрген орыс эмигранты Владимир Зворыкин халық назарына иконоскоп ұсынған. Иконоскоп – электронды таратқыш түтікше. 

Керек жерлерін көшіре қоярсын
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота