Ыссы күндердің бірінде әсем мүйізді бұғы бұлақтан су ішеді. Су бетінен өзінің дидарын көріп, көңілі тасып: Апырмай, мына мүйіз не деген әсем! Өз басыма да жақсы жарасыпты. Тұрпатсыз тұқыл мүйіз хайуандар қалай күндейді екен мені кергенде. Мұндай сымбатты мүйіз жер бетінде тағы біреуде бар ма екен, сірә, - депті мақтанып. Кенеттен дабырлаған дауыстар, иттің үргені естіледі. Тазы еркен үш аңшы орманнан сау етіп шыға келеді. Бұғы да зыта жөнеледі, бірақ біраз қашқан соң, күтпеген жерде мүйізі ағаштың бұтағына ілініп қалады. Ары жұлқынып, бері жұлқынып, босана алмаған бұғыны қуып жеткен иттер тарпа бас салып, алып ұрады. Аңшылар жетіп келіп, бұғыны бауыздап жібереді. Сонымен теңдесіз сұлу мүйіздер бұғының қазасына себеп болған екен. жоспарлау және тақырыбын коюу