Қызықтармен ғана өткізбей, өмірді мәнді, мағыналы өткізуге тырысу керек. Қазіргі шақ – адамның өмірінің қайратты да мүмкіндігі мол тамаша шағы.
Ендеше, жастықтың бір күні сенің бүкіл, өміріңе азық болады. «Уақыт
бар ғой!»
деп бүгінгі ісіңді ертеңге қалдырма! Өмірдің ұзақ екені рас,
бірақ ол біреу ғана. Уақыт зымырап өтіп жатыр. Ол ешқашан Тоқтамайды.
Расында да, біз өтіп жатқан уақыттың құнын біле бермейміз. Көбінесе
уақыт өтіп кеткеннен кейін ғана аһ ұрамыз. Демек, уақыт а
берілген өткінші бағалы зат. Уақыт қайта айналып келмейді.
Халқымыз уақытты дүниедегі ең қымбат нәрсе болғандықтан, алтынға
балайды. Алтының әзірше өзіңде. Оған басқалар көз салмасын десең,
дұрыстап сақта. Әрбір жыл, ай, апта, бір күн, бір сағат, бір минут, бір
секунттың өзіндік құны бар. Осыны түсіне біл!
(http://testent.ru сайтынан). Составить свое название по этому тексту надо
компьютерді іске қосқанда ең алдымен бағдарламалық жасақтама жұмысқа кіріседі. бұл компьютерге өндіріс орнынан орнатылған бағдарламалық жасақтама енгізу-шығару базалық жүйесі (віоs) деп аталады және ол компьютердің тұрақты жадысында сақталады. ол компьютерді қосқан сайын оның қызметтерін тексереді, содан кейін операциялық жүйенің алғашқы жүктемесін қамтамасыз етеді.
операциялық жүйе - ол бағдарламалық өнім. оның көмегімен осы ортада қолданатын қосымшаларды іске қосуға болады.
орнатылған операциялық жүйені дұрыс жүктеу үшін мынадай әрекеттер жасау керек:
· диск-жетекте дискінің жоқтығына көз жеткізу.
· мониторды қосып, компьютердің алдыңғы тақтадағы қоректенуді ажыратқышын қосу. алдымен компьютер 10 секундтан 30 секундқа дейін болатын power-on-self-test (роst) өзіндік тестілеуін орындайды. тестілеу үрдісінде қате айқындалса, экранда осыған орай хабар пайда болады. < del> пернесін басып, жүйені баптауын өзгерту және қатені жою үшін bios конфигурациялау смоs setup post бағдарламасын таңдап «мәселелерді шешу» тарауын пайдалануға болады. post - өзіндік тестілеу сәтті аяқталған кезде компьютер қысқа дыбыстық сигнал беріп, экранда компьютердің конфигурациясы бар кесте пайда болады. осыдан кейін компьютер қатқыл дискіден операциялық жүйенің жүктелуін бастайды.
· алғаш компьютерді қосқанда операциялық жүйе көшірмесінің сериялық нөмірін енгізуді сұрайды. нөмір операциялық жүйеге қосып берілген жапсырмада көрсетіледі. сондай-ақ қолданушының аты-жөні көрсетілуі керек.
· егер сериялық нөмірі дұрыс енгізілсе, windows стандарттық терезені - «жұмыс үстелін» көреміз. экранның сол жақ төменгі шетінен «іске қосу» (пуск) батырмасын қоса аламыз.
· енді пернетақтаны және «тінтуір» тетігін ыңғайлы орынға қойып, мониторды дұрыс орналастырып, бейненің параметрлерін баптау керек. мониторды баптау құрылғымен бірге берілетін пайдалану нұсқауында сипатталған.
· алдымен операциялық жүйемен жұмысты игергеннен кейін ғана бағдарламаларды орнатуды бастауға болады.