Қызыл кітап – қауіптің дабылы және тірі табиғатты сақтау үшін күрестің нышаны. 1948 жылы дүниежүзінің ғалымдары халықаралық табиғатты қорғау одағын құрды. Бұл одақ жойылып бара жатқан жануарлар туралы тұңғыш кітап шығарды. Кітап деректердің «Қызыл кітабы» деп аталады. «Қызыл кітап» деген атауды ағылшын зерттеушісі Питер Скотт ұсынды. «Қызыл кітапқа» құлан, арқар, дуадақ, сонымен бірге барыс, аққу, бүркіт, бір қазан, тырна, қызыл қасқыр, жабайы қызғалдақ, аңдар мен құстар, өсімдіктер кіреді. Бүгінгі күні Қазақстанның «Қызыл кітабына» балықтар, қос мекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүт қоректілер, өсімдіктер енгізілді.
Қызыл кітапқа мәңгілікке жойылғандар жазылады. Олар: дронт, қанатсыз гагара, кезбе көгершін, мамонт.
Жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер қорықтарда қорғалып, сақталады.
Біздің табиғатымыз өте бай. Бірақ оның байлығы шексіз емес, сондықтан оларды қорғау, сақтау керек! Қазақстанда он қорық бар. Олар: Ақсу Жабағылы, Барсакелмес, Үстірт, Наурызым, Қорғалжын, Батыс Алтай, Алматы, Марқакөл, Алакөл, Қаратау.
1. Мәтіннің үшінші бөлігінде не туралы айтылған?
А) Мүлде жойылып кеткен жануарлар мен құстар туралы;
Ә) Жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер туралы;
Б) Қазақстанның қорықтары туралы;
В) Табиғтты қорғау одағының құрылуы туралы.
кызыл китап
Ә) Жойылып кету қауіпі бар жануарлар мен өсімдіктер туралы