Қызыл кітап - қауіптің дабылы және тірі табиғатты сақтау үшін күрестің нышаны. 1948 жылы дүние жүзінің ғалымдары халқаралық табиғатты қорғау одағын құрды. Бұл одақ жойылып бара жатқан жануарлар туралы тұңғыш кітап шығарды. Кітап деректердің «Қызыл кітабы» деп аталады. «Қызыл кітап» деген атауды ағылшын зерттеушісі Питер Скотт ұсынды. «Қызыл кітапқа» құлан, арқар, дуадақ, сонымен бірге барыс, акку, бүркіт, бір казан, тырна, Қызыл қасқыр, жабайы қызғалдақ, аңдар мен құстар, өсымдыктер кіреді. Бүгінгі күні қазақстанның «Қызыл кітабына» балықтар, қос мекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүт қоректілер, өсімдіктер енгізілді. Қызыл кітапқа мәңгілікке жойылғандар жазылады. Олар: дронт, қанатсыз гагара, кезбе көгершін, мамонт. Жойылып кету қаупы бар жануарлар мен өсімдіктер қорықтарда корғалып, сақталады. Біздің табиғатымыз өте бай. Бірақ оның байлығы шексіз емес, сондықтан оларды қорғау, сақтау керек! Қазақстанда он қорық бар. Олар: Ақсу Жабағылы, Барса келмес, Үстірт, Наурызым, Қорғалжын, Батыс Алтай, Алматы, Марка көл, Ала көл, Қара тау, 2-тапсырма. Мәтіннен 2 негізгі, 2 қосымша ақпараттарды анықтап, себебін төмендегі тірек сөзге сүйеніп түсіндіріңіз. Тірек сөз: Менің ойымша ... негізгі ақпарат қосымша ақпарат. Себебі...
көмектесындершы
Ертеректе бір қарияның балаларының аты Қамысбай, Қасқырбай, Қойбай, Қубай, Субай, Қайрақбай, Пышақбай, Баубай, Балтабай екен. Балтабайы үйге келін түсіріп, сол жаңа түскен жас келінді сынамақ болған атасы өзеннің ар жағынан сасқалақтап жүгіріп келіп: «Судың ар жағында, қамыстың бер жағында қойды қасқыр жеп жатыр. Жылдам ауылға хабар бер. Балтабай пышақ қайрап әкеліп, адал бауыздап алсын. Мен қасқырды қуып кеттім», - депті. Мұнысы - «қысылтаяң шақта келінім көргенсіздік танытып, өзінің қайын аға, қайын атасының атын атап қояр ма екен?» деген ойы ғой. Сөйтсе, келіншек не істепті десеңші, шапшаң төбеге жүгіріп шығып, күйеуіне: «шапқы-ау, шапқы, шапшаң кел. Сарқыраманың ар жағында, сылдыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр. Атам: «жаныманы білеуітке жанып әкелсін» дейді. Өзі ұлыманы қуып кетті», - депті
Көкемарал , киікоты немесе райхангүл (лат. Ziziphora) – ерінгүлділер тұқымдасына жататын бір не көп жылдық лиана тәрәздә өсімдіктер туысы.Райхангүлдің Қазақстанда 6 түрі: нәзік Райхангүл (Z. tenuіor), Бунге Райхангүл (Z. bunge), үзілме Райхангүл (Z. іnterrupta), Выходцев Райхангүл (Z. vychodcevіana), памиралай Райхангүл (Z. pamіroalaіca), иісті Райхангүл (Z. clіnopodіoіdes) өседі. Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар), Іле, Күнгей, Теріскей, Қырғыз Алатауында, Ұлытауда, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында таралған. Райхангүлдің көбі хош иісті (әсіресе иісті Райхангүл, нәзік Райхангүл және сопақ бас Райхангүл, т.б.), жапырақтары мен гүлінде хош иісті эфир майы болғандықтан парфюмерияда қолданылады және медицинада дәрі жасалады, гүлінен ара бал жинайды.