Салалас құрмалас сөйлем— құрамындағы жай сөйлемдері салаласа байланысқан құрмаластың түрі. Салалас құрмалас сөйлем баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, бір-бірімен тең дәрежеде байланысады. Салалас құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдері өзара мағыналық тұтастықта болып, интонация (жалғаулықсыз) және жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. Жалғаулықсыз (іргелес байланысқан) салалас мезгілдес, себептес, қарсылықты, түсіндірмелі, шартты, салыстырмалы түрлерге жіктеледі. Салалас құрамындағы жай сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыратын жалғаулық шылауларға қатысты салалас құрмалас сөйлемдер бірнеше топқа бөлінеді: мезгілдес (Мысалы, Құнанбай Ұлжанның қасына барды да, Мәкіш бен Абайдың жүзіне қарады (М.Әуезов))[2], себептес (Оның бұл сөзді не үшін егіле айтқанын Тайман сезген жоқ, өйткені ол Сәуленің өзінің болашақ келіні екенін білмейтін-ді (Ә.Әбішев)), қарсылықты (Алыстан әлдекімдердің күбірлеген дауысы естіледі, бірақ қай жақтан естілетінін шамалай алмаймын (С.Мұқанов)), талғаулықты (Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар немесе құлағымен есіткен айтар (Ә.Әбішев)), кезектес (Нұрғали біресе Тәкеге қарап кіжінеді, біресе Аманға қарап мүләйімсиді (Ғ.Мұстафин)).
Қазақтың опера әншілері.
Күләш Байсейітова - «Айман-Шолпан» (М.Әуезов, И.В.Коцых), Е.Брусиловскийдің «Жалбыр», «Ер Тарғын», «Алтын астық», «Гвардия алға», А.А. Зильбердің «Бекет», И.Н. Надировтың «Терең көл», А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай», М. Төлебаевтың «Біржан-Сара», Д.Ж.Пуччинидің «Чио-Чио-Сан», П.И.Чайковскийдің «Евгений Онегин», А.Рубинштейннің «Демон» опералары;
Рымкеш Жұмаділова - Евгений Брусиловскийдің «Ер Тарғынында» Ақжүніс, Латиф Хамиди мен Ахмет Жұбановтың «Абайындағы» -Ажар, Сыдық Мұхамеджановтың «Ақансері-Ақтоқтысындағы» - Ақтоқты, Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сарасындағы» Сара мен Алтынай, Базарбай Жұманиязовтың «Махамбетіндегі» Зылихасы, Еркеғали Рахмадиевтің «Абылайханындағы» Күлпаш;
Ермек Серкебаев - Қожағұл, Амангелді (М. Төлебаев, «Біржан мен Сара»; М.Төлебаев және Е.Брусиловский, «Амангелді»);
Абай, Серке (А.Жұбанов пен Л.Хамиди, "Абай"; С.Мұхамеджанов, "Айсұлу");
Тарғын, Артем (Е.Брусиловский, "Ер Тарғын", "Дударай");
Онегин, Елецкий (П.Чайковский, "Евгений Онегин", "Пиковая дама");
Петруччио (В.Шебалин, "Укрощение строптивой");
Фигаро (Дж.Россини, "Севильский цирюльник");
Валентин ("Фауст");
Объяснение: