Отан деген – сенің туып өскен, кіндік қанын тамған жер, ата – анаң, досың Отанға деген махаббат, сыйластықпен ұласса – ол адамның рухани деңгейінің биіктігі. Дегенмен де Отанға деген махаббат пен сүйіспеншілік, анаға деген махаббатпен тең. Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын. Қазақстандай елім болғанына, қандай елдерде, мемлекеттерде жүрсем де мақтана аламын. Қазақстан жер көлемі жағынан Дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында. Кең байтақ жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық.
Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің.(Үйде қандай тәрбие көрсең өскенде сондай боласың деген мағынада)
Шешесін көріп, қызын ал. ( Шешесі қандай болса қызы да сондай болады деген мағынада. Мысалы: Шешесі тәрбиелі болса, қызы да тәрбиелі)
Апасының киген тонын сіңлісі де киеді. (Апасы қандай тәрбие көреді сіңіліңсі де сондай тәрбие көреді.)
Ағаны көріп іні өсер,
Апаны көріп, сіңілі өсер. (Ағасы не істесе інісі дже соны істейді, ал апасы не істесе сіңілісі де соны жасайды)