Үзіндіні оқы. Кеме офицерлерінің келесі әрекетін болжап көр.
Балалық дәуірінде келешегін ойлайтын бала сирек кездеседі ғой. Ал Дик Сэнд алдағы өмірінен өз үлесін аңғара біліп, «Ат болар құлан талпынып туар», – деп, өзіне-өзі серт берді. Ол шапшаң да икемді, қайратты да тапқыр.
Ол төрт жасынан-ақ, оқи білді. Сегізге келгенде оңтүстік елдерге қатынап жүрген бір кемеге юнга болып орналасты. Бала кезінен-ақ бар ықыласы теңізге ауған еді.
Дик Сэнд кемеде жүріп теңізшілік өнерін үйренді. Талантты баланы кеме офицерлері ұнатты. ...
Кеме офицерлері Дик Сэндке теңіз өнерін үйренуіне басшылық етті.
Кеме офицерлері Дик Сэндке теңіз өнерін үйретпей қойған болатын.
Кеме офицерлері Дик Сэндті теңізге шығуына рұқсат бермей қойды.
Дурыс бурыс екенин айтшы
Дәйек сөз, цитата (лат. cіto– келтіремін, шақырамын) – түпнұсқадан сөзбе-сөз алынған үзінді. Автордың ойын беделді пікірлермен тиянақтау үшін, біреудің пікіріне сын айту үшін, құнды дерек ретінде пайдалану үшін қолданылады.[1]
Дәйек сөз, негізінен, ба з материалдарында, ғылым еңбектерде, кітаптар мен әр түрлі қолжазбаларда, баяндамалар мен сөйлеген сөздерде келтіріледі. Дәйек сөздер ғылым еңбектерде пайдаланғанда, сол еңбекте айтылатын оймен логикалық тұрғыдан қабысып, жарасым табуы тиіс. Айтылмақ ойды одан әрі дамытып, жаңа деректермен толықтырып тұру керек. Сонда ғана ол өз міндетін атқарады. Әдетте, зерттеу еңбектерінде, көбінесе әдебиет, мәдениет, өнер, ғылым қайраткерлері пікірлерінен дәйек сөздер алынып отырады. Мұның өзі үлкен талғаммен, орынды алынса, еңбектің сапасын арттыруға есебін тигізеді.
Дәйек сөз көбінесе ықшам түрде алынады. Сөйлем ұзақ болған жағдайда керекті жерін алып, қысқартылған сөздер орнына көп нүкте қою шарты бар. Дәйек сөз, әдетте, тырнақшаға алынып жазылады. Міндетті түрде дәйек сөз алынған еңбек, оның авторының аты-жөні сілтемелерде анық, нақтылы көрсетілуі тиіс. Эпиграф та дәйек сөздің бір түріне жатады
Қырғыз халқының мәңгілік мәдени ескерткіші, бүкіл тарихнама шежіресі, эпостық жүздеген дастандардың-поэзияның асыл маржанынан соғылған мұнарасы МАНАС ғасырлар бойы өзімен бірге ғажайып манасшылар әулетін, өзге де сирек жыраулар тобын, шеруін туғызып келеді. Манасшылар сонау көне ғасырлар бойына бір өздері бүкіл театр міндетін атқарған. Онда бір адам әрі баяндаушы, әрі шығарушы, әрі орындаушы, еркек-әйел рольдерін атқарушы, ойнаушы, қимыл-әрекет суретшісі, қомызшы, сазгер-бәрін кереметтей басын қосқан өлшеусіз талант иелері болған. Ең ғажабы- әлденеше айлар бойына айтылатын бұл ұзақ хикаяларды еш шатастырмай миында, зердесінде ұстау қасиеті.