Бурабай туралы аңыз Ертеректе Көкшетау жерінде аппақ, әдемі бура мекен етіпті. Ол өзгелерден саяқ, жалғыз жүретін. Бура қалың орман ішін кезіп, шөліркегенде Күміскөлге келіп шөлін басатын еді. Күміскөл - оның тыныстайтын сүйікті жері. Бура ерекше қасиетке ие болған. Елге қауіп-қатер, соғыс, жұт төнгенде, боздап, елдің тынышын алатын. Оның белгісіне үйреніскен халық бураны айрықша жақсы көріп, қадірлеген.Күндердің күнінде елге зұлым жау шабады. Бура әдеттегідей белгі беріп, бәрі тығылып үлгеріп, жан сақтап қалады. Бәріне бура себеп екенін білген зұлымдар оның ізінен түсіп, өлтірмек болады. Ну орманда жүрген бура зәлімдерге кез болады. Олардың бірі садағын кезеп, дәл бураның жүрек тұсын көздейді. Садағын атып кеп жібергенде жебе кеуде тұсынан кіріп, өркешінен шығады. Жан дауысы шыға аңырап, боздаған бура зұлымдарға қарай жүгіреді. Атына қамшысын басқан олар бытырай қаша жөнеледі. Бір сәтте бура кері бұрылып, Күміскөлге беттейді. Сүйікті мекеніне келіп, жата кетеді. Осылайша жан тапсырады. Мұнан кейін жұрт бұл жерді Бурабай атап кеткен.
-Анашым, ертен менин агам уйленетин болса, тагы да бир адам отбасымызга косылады ма? -Арине, улым, уйимизге бир жан сауледей жаркырап, уйимизге шуак шаши келетин болады. -Женгемди кутип алу не жасайтн боласыздар? -Ар турли салт-дастурлер орындалатын болады. Мысалы беташар, тусаукесер, бесик той жане тагы да баска дастурлер бар. -ал беташар дегенимиз не? -Балапаным, Беташар — қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Дәстүрлі беташар, әдетте, тойға жиналған халық тарқар кезде өткізілген.
Шымылдық ішінде отырған келіннің басына орамал жауып, той өтіп жатқан үйдің ең жақын, үлгілі келіндері екі жағынан қолтықтап алып шығады. Беташардың тәрбиелік мәні зор болғандықтан, келіншектің екі жағына тұратын әйелдер жесір, жеңілтек, т.б. болмауы қатаң ескеріледі. Орамалдың теңге түйілген ұшын домбыраның мойнына не таяқтың ұшына байлап, жырау беташар жырын бастайды. Ол шаңыраққа жаңа түскен келінге ата-енесін, үй-ішін таныстырады, қандай туысқандық жақындығы бар екенін, беделін, қадір-қасиетін шебер тілімен жеткізіп, әрқайсысына жеке-жеке сәлем жасатады. Сәлем алған адам жас келінге беретін сый-сыяпатын атайды. Мысалы, сол шаңыраққа жақын ауқатты туыстары құлынды бие, енді біреулері отауға тігетін киіз үй, т.б. берген. Дәстүр бойынша, жаңа түскен келінді беташар жоралғысы жасалмастан бұрын қыз-келіншектерден басқа ешкім көрмеген. Келіннің бетін ашушы жас келінді ауылдың ардақты адамдарына, күйеуінің ағайын-туыстарына таныстыру шумақтарын өзінше суырып салып айтуы шарт. Ол үшін жырау не ақын екі-үші күн (кейде 10 — 15) бұрын сол оттың басына келіп, дайындық жасаған. Үй иесі оның бет ашқан еңбегіне беретін сыйлығын (ат, түйе, бірнеше уақ мал, т.б.) алдын-ала атап қоятын болған. Егер оның айтқандары көптің көңілінен шықса, онда сол үйдің ең қадірлі адамы, туысы саналған. “Келіннің бетін кім ашса — сол ыстық” деген мәтел де осыдан туған. -Ал бесиктой дегендер ше? -Олармен уакыт откен сайын танысатын боласын. Ауызбен айтканнан, козбен коргенге не жетсин!
Бурабай туралы аңыз Ертеректе Көкшетау жерінде аппақ, әдемі бура мекен етіпті. Ол өзгелерден саяқ, жалғыз жүретін. Бура қалың орман ішін кезіп, шөліркегенде Күміскөлге келіп шөлін басатын еді. Күміскөл - оның тыныстайтын сүйікті жері. Бура ерекше қасиетке ие болған. Елге қауіп-қатер, соғыс, жұт төнгенде, боздап, елдің тынышын алатын. Оның белгісіне үйреніскен халық бураны айрықша жақсы көріп, қадірлеген.Күндердің күнінде елге зұлым жау шабады. Бура әдеттегідей белгі беріп, бәрі тығылып үлгеріп, жан сақтап қалады. Бәріне бура себеп екенін білген зұлымдар оның ізінен түсіп, өлтірмек болады. Ну орманда жүрген бура зәлімдерге кез болады. Олардың бірі садағын кезеп, дәл бураның жүрек тұсын көздейді. Садағын атып кеп жібергенде жебе кеуде тұсынан кіріп, өркешінен шығады. Жан дауысы шыға аңырап, боздаған бура зұлымдарға қарай жүгіреді. Атына қамшысын басқан олар бытырай қаша жөнеледі. Бір сәтте бура кері бұрылып, Күміскөлге беттейді. Сүйікті мекеніне келіп, жата кетеді. Осылайша жан тапсырады. Мұнан кейін жұрт бұл жерді Бурабай атап кеткен.
-Арине, улым, уйимизге бир жан сауледей жаркырап, уйимизге шуак шаши келетин болады.
-Женгемди кутип алу не жасайтн боласыздар?
-Ар турли салт-дастурлер орындалатын болады. Мысалы беташар, тусаукесер, бесик той жане тагы да баска дастурлер бар.
-ал беташар дегенимиз не?
-Балапаным, Беташар — қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Дәстүрлі беташар, әдетте, тойға жиналған халық тарқар кезде өткізілген.
Шымылдық ішінде отырған келіннің басына орамал жауып, той өтіп жатқан үйдің ең жақын, үлгілі келіндері екі жағынан қолтықтап алып шығады. Беташардың тәрбиелік мәні зор болғандықтан, келіншектің екі жағына тұратын әйелдер жесір, жеңілтек, т.б. болмауы қатаң ескеріледі. Орамалдың теңге түйілген ұшын домбыраның мойнына не таяқтың ұшына байлап, жырау беташар жырын бастайды. Ол шаңыраққа жаңа түскен келінге ата-енесін, үй-ішін таныстырады, қандай туысқандық жақындығы бар екенін, беделін, қадір-қасиетін шебер тілімен жеткізіп, әрқайсысына жеке-жеке сәлем жасатады. Сәлем алған адам жас келінге беретін сый-сыяпатын атайды. Мысалы, сол шаңыраққа жақын ауқатты туыстары құлынды бие, енді біреулері отауға тігетін киіз үй, т.б. берген. Дәстүр бойынша, жаңа түскен келінді беташар жоралғысы жасалмастан бұрын қыз-келіншектерден басқа ешкім көрмеген. Келіннің бетін ашушы жас келінді ауылдың ардақты адамдарына, күйеуінің ағайын-туыстарына таныстыру шумақтарын өзінше суырып салып айтуы шарт. Ол үшін жырау не ақын екі-үші күн (кейде 10 — 15) бұрын сол оттың басына келіп, дайындық жасаған. Үй иесі оның бет ашқан еңбегіне беретін сыйлығын (ат, түйе, бірнеше уақ мал, т.б.) алдын-ала атап қоятын болған. Егер оның айтқандары көптің көңілінен шықса, онда сол үйдің ең қадірлі адамы, туысы саналған. “Келіннің бетін кім ашса — сол ыстық” деген мәтел де осыдан туған.
-Ал бесиктой дегендер ше?
-Олармен уакыт откен сайын танысатын боласын. Ауызбен айтканнан, козбен коргенге не жетсин!