Құрметті құда, құдағи! Таудан аққан тасбұлақтың суы қандай мөлдір, қандай таза! Сәт сайын жаңарып жатқан ағын суда мін бар ма? Біз үшін сіздердің жандарыңыз да дәл осындай – сәт сайын жаңарып жататын кірсіз әлем! Баламыздың көңілі құлапты, қызымыздың жаны ұнатты – екі асыл қосылды! Бақ ауысады, ырыс жұғысады деген, жұрнағымыздың жапырағы жайылып, тамыры тереңдегей! Сіздерге ұқсаған елдің қамын ойлайтын аптал азаматтар болсын, құдалар! Екі үкіміз теңін тапты деп менің жүрегім қуаныштан жарылғалы тұр. Тең-теңімен деген емес пе! Осы қуаныш тілегімді «Бәрін сәтімен орайластырған Жаратушы баянды бақыт берсін» деп аяқтағым келеді. Дәмнен, сусыннан, тағамнан алыңыздар!
Есептік Сан есім өзге Сан есім топтарының жасалуына негіз болады (мыс., бір, екі). Реттік Сан есім есептік сандарға -ыншы, -інші (бірінші, екінші), жинақтық Сан есім бірден жетіге дейінгі есептік Сан есімге -ау, -еу аффикстерінің (біреу, алтау), топтық Сан есім -дан, -ден, -тан, -тен қосымшаларының (алтыдан, жүз-жүзден) жалғануы арқылы жасалады. Болжалдық Сан есім заттардың санын дәл көрсетпей, шамамен, мөлшермен атайды (жүз шақты), бөлшектік Сан есім математикада жиі қолданылады (оннан екі бөлігі). Сан есімге ұқсас жарты, жалғыз, сыңар, қадақ, шақырым, қозы көш жер, ет асым, т.б. сөздер уақыт, салмақ өлшемдері ретінде қолданылғанымен Сан есімге жатпайды, нумеративтік сөздер болып табылады.