Задание 1 Разнообразие стихов Абая - стихи о природе. Природа - это среда, в которой люди работают и живут. Абай умело писал стихи на все четыре сезона. В стихотворениях «Жазгытуры», «Лето», «Осень», «Зима» он описывает загадочные явления природы в реальной жизни. Это как если бы вы наблюдали красивое лето, холодную туманную осень или мороз и метель. В стихах Абая ярко отражены повседневная жизнь, жизнедеятельность и поступки людей, а также его собственное настроение. 1 Назовите текст и определите основную идею. Тема текста 1. Идея текста
Иесіз есекті бөрі жейді.Бесхозного осла волки пожирают.
Өгіз өлгенше өседі.Бык до смерти растет.
Өгіз өлген жерінде өкіреді.Бык перед смертью мычит.
Түйе — байлық, қой — мырзалық, жылқы — сәндік.Верблюд — богатство, овцы — щедрость, кони — красота.
Бақырауық демесен, бағалы көлік түйе ғой.Верблюд был бы ценным скотом, если б не кричал.
Түйе тұзға барады, жігіт қызға барады.Верблюд к соли бежит, жених — к невесте.
Жалгыз ұлы өлген жұртта қалмайды, жалғыз түйесі өлген жұртта қалады.Даже если сын единственный умрет, не останется на месте человек, если же верблюд единственный умрет, останется на месте человек.
Қой егіз туады: бірі конаққа сойылады, бірі қошқар қойылады.Двойня овец рождается, одна для гостя, другая на вырост оставляется.
Өрісіне қарай мал өсер, өзеніне қарай тал өсер.Джайлау хороший — умножается скот, река полноводная — дерево растет.
Көрші қарызын түйе қайырады, я диірмен қайырады.Долг сосед верблюдом возвращает, если не верблюдом, то зерном.
Түйеге жантақ керек болса, мойнын созады.Если верблюду колючка нужна, он к ней шею вытягивает.
Бассыз берген мал мазақ, бақсыз берген тіл мазақ.Если дашь безголового барана — издеваешься, если язык распускаешь — насмехаешься.
Қарамасаң, қатын кетер, бақпасаң, мал кетер.Если за женой не смотришь, жена уйдет, если не смотрииіь за скотом, скот пропадет.
Қарақұрт жесе, қой семіреді.Если каракурта ест овца, значит будет жирна.
Бір ауылдың малын бақпасаң, мың ауылдың малын бағарсын.Если не пасешь скот аула одного, будешь тысячи аулов скот пасти.
Койын болмаса, байлықта ойын болмасын.Если нет овец, не думай о богатстве.
Белгілі малшың жоқ болса, белінді бу да, малға бар.Если нет хорошего пастуха, препояшься, и сам иди пасти.
Қой саны мыңға жетсе, керегенің басынан бас кетпейді.Если овец приплод до тысячи дойдет, на каждом коле голова будет висеть.
Қой өлсе, қозы қалады, келер жылы өзі болады.Если сдохнет овца, останется ягненок, который через год овцою станет.
Құдіретін келсе, қашқан бұзауды қайтарып көр.Если силой обладаеш, верни убежавшего теленка.
Өсер малда өлім жоқ.Если скот приносит приплод, значит он не перемрет.
Мал ашуы — жан ашуы.Если скот пропадает, душа страдает.
Мал өсірсең-қой өсір, өнімі оның көл-көсір.Если скот разводить — разводить овец своих: прибыли не счесть от них.
Мал көкке тоймай, аузың аққа тимейді.Если скот травой не насытится, ты не насытишься молоком.
Әлқисса, төменгі Мекке жолында жеті тылсым дариялар бар еді, осы дариялардың һәммасы Черный море дегенге құяды екен. Осы теңіз жағасында Жүз жағалбайлы деген ел бер екен. Сол елде Базарбай деген бір бай бар екен. Базарбайдың байлығын ешкім есеп етіп болмас екен, үш қатыннан тоғыз ұлы бар екен. Сол елге бір қалың дерт – оба келіп, сонда Базарбайдың тоғыз ұлының бәрі өліпті, содан кейін және алты қатын алыпты, еш перзенті болмады. Базарбай сексенге келгенде, оның кіші қатыны қырық төртке келгенде бір ұл тауыпты, басқа қатындарда еш бала жоқ, оның атын Төлеген қойды, осы Төлеген періште сипатты, хор құлықты боп туды, оның артынан тоғызыншы жылда бір ұл туды, оның атын Сансызбай қойды. Екеуіне де Базарбай қалың бермеді, тірі болса өздері бір қыз алар, патшаның қызын алса да мал жетеді деп. Сол уақытта Төлеген 12 жасқа келді, ешкімнің қызын жақтырмады, 16 жасқа келді, сонда бұл елге бір сәудегер кеп сұрады: бұл Базарбай екі ұлына неге қалыңдық бермеген деп, соның жайын әркімнен сұрап біліп, бір күні Төлегенге айтады.
— Қыз жақтырмай жүрген болсаң, мен саған қызы жағатын елді айтайын. Алты арыс Шекті деген ел бар. Ақжайық деген өзеннің бойында болады. Сіз соған барыңыз. Шектіден бір қыз тауып қайтасыз, - деді. Төлеген айтты:
— Қанша күнде барамын?- деп. Сәудегер айтты:
— Жүз күнде барасың деді және жетпіс бес күндік бір жолы бар, оның қырық күншілік шөлі бар онымен жүре алмайсың, -деді.
Онда Төлеген тұлпардан туған бір көк жорға атты алдырып, алтын-күміс тұрман жасатып, гауһардан тастар орнаттырып қасына сексен жігіт жолдас алып, қырық нарға азық арттырып, тоғыз түйеге ділдә, жамбы артып Наурыз айы туғанда жүрді дейді.
Базарбайдың Төлеген,
Ерте туған көбеген.
Сексен жігіт қосшы алып,
Он бес жігіт басшы алып,
Ақжайыққа жөнеген.
Айдың өткен шешесі,
Ай қараңғы кешесі,
Падишадан кем емес,
Ер Төлеген мүшесі.
Әулиеге ат айтып,
Қорасанға қой айтып,
Артынан қуып келіпті,
Өлгенде көрген шешесі.
Шешесі келіп сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:
«Мінгене аттың аласын,
Менен туған баласың.
Қал дегенде қаласың,
Айтқан тілді аласың!
Қал дегенде қалмасаң,
Айтқан тілдді алмасаң,
Құрттың анаң шарасын!
Өлгенде көрген қарағым,
Ата-анаңды зарлатып,
Қай жаққа кетіп барасың?
Анаң келді зарланып,
Әкең отыр сандалып.
Көре алмаған көп дұшпан
Сыртыңнан келер қамданып,
Сен кеткен соң, қарағым,
Кім ойлайды кемпір-шалыңды?
Сансызбай болса жас еді,
Жүреміз кімге алданып?»
Төлеген сонда сөйлейді:
«Қой, шеше-еке-ау, жылама,
Жылағаның бола ма?
Бекер босқа шеше-еке-ау,
Көзіңнің жасын бұлама!
Жиырмаға келгенше,
Маған қалың бермеген,
Тең құрбымдай көрмеген,
Құм құйылсын көзіңе,
Осы екен саған сыбаға!»
Шешесі сонда сөйлейді,
Сөйлегене не дейді;
« Кейін, балам, қайт-сана,
Анаңа сырың айт-сана.
Патша қызын алсаң да,
Өз еліңде жат сана.
Біреудің тілі тимей ме?
Қартайған атаң Базарбай,
Сенің үшін күймей ме?
Ел ішінде тентек көп,
Дүние кезіп жүргенде,
Тентіреген демей ме?!
Ата-анасын зарлатып,
Бір қыз үшін кетті деп,
Дос-дұшпаның күлмей ме?»
Төлеген сонда сөйлейді:
«Айналайын шешееке-ау,
Құмар иттей қаңғырып,
Бұралқы болар қораға,
Бір жорытпай шеше-еке-ау.
Сірә, көңілім тынар ма?
Талап қылға ісінен –
Ат басын ерлер бұра ма?
Жаман, жақсы болса да,
Алланың болар әмірі,
Өз айтқаның болар ма?
Тілімді алмай кетті деп,
Қапа болып жылама.
Мен Жайықтан қайтқанша,
Жүзіңді есен көргенше,
Ата-анамды, мал-жанды,
Тапсырым алла, құдаға».
Анасы сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
«Өлкенің көркі тал болар,
Өзеннің көркі жар болар,
Жігіттің көркі мал болар,
Малың болса, қарағым,
Қара басың хан болар.
Алуа асап, іштің бал,
Жая шайнап, жедің жал,
Кетер болсаң, қарағым,
Жылқыдан таңдап қырық жорға,
Өзіңменен айдап ал.
Сансызбай болса, жас еді,
Сен кеткен соң қарағым,
Сүйеніп кімге күн елтер –
Артыңда қалған кемпір, шал?»
Төлеген сондай сөйлейді:
«Мінгене атым ала-ды,
Сенен туған баламын.
Көңіліме түсіп бір хиял,
Сапар шегіп барамын.
Алла нәсіп айдаса –
Бір сұлу қызды аламын.
Алла нәсіп етпесе,
Ендігі сөздің қысқасы,
Мекке таман барамын».