Задание №2 Ортақ үйімізде татулық пен келісім болсын
Қазір біздің ұрпағымызға жауапты міндеттер жүктеліп отыр. Яғни, балаларымыздың игілігін сақтау, қайта қалпына келген мемлекетімізді нығайту міндеті тұр. Біздің әрқайсысымыз және баршамыз туған еліміздің болашағына деген жауапкершілігімізді сезінуіміз керек. Ал мұның өзі өткенді есте сақтай отырып, болашаққа көз жүгіртуді, басқа халықтармен тату және жарасты өмір сүруді, олардың мәдениетін, дәстүрлерін, салттарын құрметтеуді білдіреді. Қазақтар "Береке басы - бірлікте" деп тегін айтпаса керек.
Елдегі татулық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Ассамблея делегаттары 120 ұлттың мүддесін білдіреді. Әрбір этностың және бүкіл Қазақстан халқының болашағы үшін орасан зор тарихи жауапкершілік жүктеліп отыр.
Сұраққа жауап бер.
Қазіргі ұрпаққа қандай міндет жүктелген?
жауапкершілігімізді сезінуіміз керек
балаларымыздың игілігін сақтау, мемлекетімізді нығайту міндеті
Ассамблея делегаттары 120 ұлттың мүддесі
Барсакелмес аралы.
Арман қатты шаршады. Бүгіндікке оның мүлдем жолы болмады. Таңертең сабағына кешігіп қала жаздады. Сол асығыстықтан қазақ тілінен үй тапсырмасын үйінде ұмытып кетті. Мұғалімнен бір ұрыс естіді. Үйге келген соң анасының сүйікті кесесін абайсызда сындырып алды. Анасынан тағы бір мәрте айқай естіді. Досы Бекзат бүгін үйіне келіп, бірге фильм қараймыз деп өткен жолы уәде берген. Ал бүгін келе алмайтынын айтып Арманның көңілін одан әрмен түсірді. Ол ешкім таппайтын басқа бір жерге жалғыз өзі кеткісі келетінін ойлап ұйықтап қалды.
Түс көрді. Қараса су жағасында жатыр екен. Тап-таза теңіз суының үлкенді-кішілі толқындары жағаға ұрып тұр. Орнынан тұрып белгісіз аралға тап болғанын байқады. Айқайлап, дауыстап жан-жағын аралап шықты. Оның ішін дау-талас билеп алды. Қатты қорықты. Кенет ат-арбаны көрді. Оған дейін де біреулердің болғанын, ата-баба ізі жатырғанын көріп қуанды.
Арал ұшан-теңіз ағаштарға, небір өсімдікке толы. Оның таңғалдырғаны ақ-қара кактустар болған-мыс. Қарны да ашты. Ас етер дәм-тұз табу үшін айла-әрекетке көшу керектігін түсінді. Шырмауықтан қақпан жаса кішкене құстарды аулады. От жағып, пісіріп жеді. Таныс емес жемістерді де көрді. Кеш болды. Ұйқысы келген соң, пальманың жапырақтарынан шатыр жасап айналадағы шыққан дыбыстардан қорқып ұйқыға кетті...
Арман ұйқысынан оянды. Бұның жай ғана түс екеніне қатты қуанды. Бұл жайған сәтсіз күн екенін есіне салды.
Өмірде шынайы дос ,өзіңе серік болатын дос табу қиын.
Достыққа жүрмін, достыққа жүрмін құмартып,
Өлгелі жүрмін өзіме-өзім мін артып.
М.Мақатаев.
Ойлап қараңызшы...Достықсыз адамдар арасындағы қарым-қатынасты елестету мүмкін бе?Әрине,жоқ.Достық ол адамдардың бір-бірімен ұқсастығы,талғамдарының сәйкес келуі емес.Достық деген адамдардың бір-біріне қиын кезде де,қуанышта да бірге болуы,арадағы қатынасқа адалдықпен,ақ ниетпен қарауы.Былайша айтқанда,адал дос та,амал дос та бұл өмірде кездеседі.Тек олардың ара жігін айыра білу керек.
Қай адам болмасын жанынан әркез табылар шынайы досты іздейді.Әрі досына қарап адамды бағалайтынымыз тағы бар.Осыларды ескере отыра ондай адал достарды табу қиын істердің бірі екендігін білуге болады.Алайда,өзгеден мін іздеместен бұрын өзіңізге назар салып,баға беруіңіз қажет.Шын досқа лайықты болмасаңыз кемелденіңіз,ойларыңыз бен пікірлеріңізді өзгертуге тура келеді. Дана халқымыз «дос жылатып айтады,дұшпан күлдіріп айтады» демекші,өтірік дос кейпін танытып,екіжүзділікке баратындарға сенгіш аңқау болмауыңыз керек.
Бір дос бар мұрныңнан қан кеткенше,
Бір дос бар астыңнан тақ кеткенше,
Бір дос бар басыңнан бақ кеткенше,
Бір дос бар қораңнан мал кеткенше,
Бір дос бар кеудеңнен жан кеткенше,- дегендей,қазір осындай достардың түрі көбеюде.Оларды ажырата алу үшін ақылдылық пен көрегенділік керек.
Қорытындылай келе,бұл өмірде нағыз досты табу қиынның қиыны.Алайда адал достық бұл қиындықтарға тұратын қатынас.Жоғарыдағы аталған шарттар орындалса,өзің шынайы бола білсең ғана шынайы досыңды іздемей-ақ табасың дегім келеді.Ал сол бір нағыз досыңды тапсаң,арадағы алып күштен айырылып қалмауға тырыс.