ЗАДАНИЕ №4 ВРЕМЯ НА ВЫПОЛНЕНИЕ:
03:58
ТЕКСТ ЗАДАНИЯ
Мәтінді түсініп оқып, тірек сөздерді анықта .
Ұлы Жібек жолы» - Қазақстан жері арқылы өткен сауда-саттық жолы. Қазақстанның ортағасырлық қалаларында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде археологтер Қытай мен Византия, Иран мен Үндістан елдерінде соғылған теңгелер мен ділдаларды тапқан.Алматы қаласының маңындағы Талхир қаласының орнын қазған кезде Иранда жасалған қола табақ, қытай фарфоры мен жапонның фаянс тостағының сынығы және т.б бұйымдар табылған.
«Ұлы Жібек жолының» бойымен саудагерлер Ферғананың әйгілі тұлпарларын, түйе, пілдермен қатар барқыт, жібек, мақпал, торғын маталарды, киім-кешек және т.б. бағалы тауарларды сату үшін алып өткен. Осы жол арқылы қант, жүзім, шабдалы, қауын сияқты жеміс-жидек те саудаланған.
1..Жасы үлкеннің сөзін бөлме – в разговоре не перебивай старших.
2. Жасы үлкеннің жолын кеспе – не пересекай дорогу старшему.
3.Ата-анаңа қайда барасыз деп сұрама – не спрашивай родителей, куда они идут.
4.Үлкенге сыртыңды беріп отырма – не садись спиной к старшему.
.5Кісі жолын кеспе – не переходи дорогу перед старшим.
6.Қонаққа берер затты сол қолмен берме – то, что даешь гостю, не протягивай левой рукой.
7.Кісіге қару кезенбе – не направляй оружие на человека.
8.Жалғыз ағашты кеспе – не руби одинокое дерево.
9.Жыңғылмен атты қамшылама – не погоняй лошадь гребенщиком.
10.Көгалды таптама – не топчи поляну.
Шығарма
Қыс.
Сары аязымен маңайды түп-түгел баурап қыс та келіп жетті.Әр жыл мезгілінің өзіндік ерекшеліктері болады.Ал қыс мезгілің ерекшелігі - аппақ қары."Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр-жерге жауған нұр" демекші,көгілдер аспаннан жауған мамық қар күнмен шағылысып бейне бір бағалы тастар секілді.Ал қалың етігіңмен қарды басқан кезде "қырт-қырт" еткен дыбыстардың шығуы да жүзіңе күлкі сыйлайды.
Қыстыгүні табиғат қана емес,ойындар да керемет көңіл-күй береді.Шана, шаңғы тебу, аққала жасау, қардан қорғандар тұрғызу, қармен атысып ойнау - бұл мезгілді қалай ұнатпауға болады?Тоңсаң да үйге қайтқың келмей,әзер ойынды тастайсың.
"Қыс - аязымен,жаз - самалымен" деген екен халқымыз.Ия,қысты аязсыз елестету мүмкін емес.Далаға шықсаң екі бетіңнің ұшы мен мұрның қызара кетеді.Ал таңертең терезеге аяз салып кеткен өрнекті қыраулар да тамаша көрініс.
Қыс, қар, мұз, қырау, қылау - жерді көміп,
Бұлт бүркеп, тұман төніп, баса шөгіп,
Жер-көкті аяз бүріп, қызыл жалап,
Бұрқ-сарқ боран құсып, шашып, төгіп,-деп ақын Ілияс Жансүгіров жырлағандай,қыс - ең әсем,қызықты мезгілдердің бірі.