Задание 4 Заполните таблицу по содержанию текста. Название Расположение 1blood Китай Прекрасный вид Причина постройки Амфитеатр был построен как место отдыха, образования и поклонения. Мавзолей Иордана был построен как политический и культурный центр цивилизации майя в Бразилии.
ІЛГЕРІНДІ ЫҚПАЛ
Сөз ішінде немесе сөздер аралығында алғашқы дыбыстың өзінен кейінгі дыбысқа әсерін тигізіп тұруын ілгерінді ықпал дейміз.
а) Сөздің соңғы дыбысы дауысты, я үнді, я ұяң дауыссыз дыбыстардың бірі болса, дауыссыздан басталатын қосымшаның бірінші дыбысы не үнді, не ұяң болады.
Мысалы: бала-лар (бала-дар не бала-тар емес), күздік (күз-тік емес), қар-лы (қар-ды, қар-ты емес).
ә) Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, не сөз б, в, г, д дыбыстарының біріне аяқталса, оған қатаң дыбыстан басталатын қосымша жалғанады.
Мысалы: от-пен (от-бен я от-мен емес), космос-қа (космос-ға я космос-да емес), Ленинград-қа (Ленинград-ға емес).
б) Біріккен сөздердің, сөз тіркесінің алғашқы сыңары қатаң болып, соңғы сыңары ұяңнан басталса да ол қатаңға айналады, бірақ жазғанда түбірі сақталады.
Мысалы: айтылуы- жазылуы: Қоныспек – Қонысбек, Тыныспек – Тынысбек, тас пер - тас бер^
в) Біріккен сөздердін, сөз тіркесінің алғашқы сыңары дауыстыға, я үндіге, я ұяңға аяқталып, екінші сыңары қатаң дыбыстан басталса, айтылуда қатаң дыбыс ұяңданып естіледі, бірақ жазғанда түбірі сақталады.
Мысалы: айтылуы - жазылуы: Жаңағорған – Жаңақорған, кім гелді? - кім келді?
КЕЙІНДІ ЫҚПАЛ
Сөз ішінде немесе сөздер аралығында кейінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етіп өзгертуін кейінді ықпал дейміз. Сөздің соңғы дыбысы қатаң п, қ, к болып, жалғанатын қосымша дауыстыдан басталса, олар ұяң сыңарларына (п-б, к-г, қ-ғ болып) айналады, кейде п дыбысы у-ға айналады.
Мысалы:- күрек — күрегі, доп — добы, тарақ — тарағы, тап — таба, тауып — (тапып емес).
Кейінді ықпалдың жазуда ескерілмейтін түрі де бар:
а) Сөздің соңғы дыбысы н болса, жалғанатын қосымшалар қ, ғ, г, б, п дыбыстарынан басталғанда, н өзгеріп ң не м болып айтылады, бірақ жазғанда түбірі сақталады. Осылайша дауыссыздардың үндесуі біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің арасыңца да болады.
Мысалы: айтылуы - жазылуы: Жампейіс – Жанпейіс, Ермағамбет – Ермағанбет;
ә) Түбірдің соңғы с, з дыбыстарының бірі ш дыбысының алдынан келсе, олар айтылуда ш дыбысы болып естіледі.
Мысалы: айтылуы - жазылуы: ашшы – асшы, колхошшы – колхозшы;
б) Түбірдің соңгы дыбысы з болып, одан кейін с, ж дыбыстарының бірі келсе, з дыбысы с дыбысына не ж дыбысына айналады.
Мысалы: айтылуы – жазылуы: жасса – жазса, божжігіт – бозжігіт.
Шипалы сусын
Қазақ халқы сүт тағамдарын қашанда «ақ» деп атап, ерекше қастерлеген. Қай ұлттық сусын болмасын, әрқайсының өзіндік емдік және қоректік қасиеттері бар. Ұлттық сусындар ағзаға оң әсер етеді, әрі денсаулыққа да пайдалы.
Қымыз
Ешқандай сусын қымызбен тең келе алмайды. Құрамында дәрумендер, майлар, белоктар бай, ол талай ауруды емдеп қана қоймайды, олардың алдын да алады. Қымыз ас қорытуды жақсартады, қауіпті ісікті болдырмайды.
Бие сүтінен ашытылады. Оның алғашқы ашытқысын «қымыздың қоры» деп атайды. Кей жерлерде мұны бие сүтіне сүр қазының қабырғасын, жылқының ашыған сүр жамбасының жұлынды сүйегін не малта салып немесе ашыған тары көженің суын қосып, бөлек ашытады. Сосын сабадағы қорды сарықпай, биенің жылы сүтін саумалдап, жаңғыртып отырады. Қымызды көп сапырғанда оған таза ауа көп сіңеді.
Қымыз тәрізді табиғи құдіретті сусынмен былай да емдейді: қымызды алғашқыда тәулігіне 6 рет 100 грамнан (қатты науқасқа 50 гр.), кейін 250 грамға дейін береді де, ағза қымыз ішуге үйренген соң оның мөлшерін 2-3 литрге дейін көбейтеді. Қымызды тамақтың алдында 1-1,5 сағат бұрын ішеді. Жатар алдында ішпейді. Жоғарыдағы ем сырқатпен әлсіреген, жүдеген, қаны азайған, туберкулезге шалдыққандарға шипалы.
Шұбат
Түйенің сүтін ашытып жасайды, қышқыл дәмді. Оның әзірлеу тәсілі қымыз ашытуға ұқсас. Шұбатты тағам ретінде үнемі ішіп жүретіндер өкпе ауруына өте сирек ұшырайды. Дәрігерлер өкпесі, асқазаны, ішегі ауыратындарға шұбат ішуді ұсынады. Өйткені, шұбат асқазанның секреторлық қызметін жақсартады, қышқылдылығын көтереді, дәрі-дәрмектердің емдік қасиетін арттырады, адамның дертке қарсы күресу қабілетін күшейтеді.
Айран
Сүт те бар элементтер айранда да бар. Сондай-ақ, айранда ағзадағы зат алмасу жүйесін жылдамдатады. Артық салмақтан арылуды көздейтін жандар күніне 1 стакан айран ішсе, діттеген мақсатына жете алады. Әсіресе, айранды кешкі уақытта ішкен пайдалы.
Қазақтың ұлттық сусындарының (айран, қымыз, сүт, шұбат) адам денсаулығына тигізетін пайдасы орасан зор. Бабаларымыз қадірлеген жылқы малының сүті – қымыздың емдік қасиеті бар екендігі ежелден мәлім. Дені сау адамның ағзасы бір тәулікте орта есеппен 50 мг С дәруменін қажет етсе, бір литр қымыз құрамында 200-260 мг С дәрумені бар екен. Қымызда сонымен қатар сөл бөлу және жүрек жұмысын жақсартатын В тобындағы В(1), В(2), В(3), оның ішінде қанның жасалуына қатысатын В12 дәрумені және ағзадағы тотығу-тотықсыздану реакцияларына әсер ететін С тобы дәрумендері, сондай-ақ, А тобы дәрумендері кездеседі.
Шіріткіш микробтарға, ішек таяқшаларына және сарғыш стафилококтарға қарсы жойғыш күші бар қымыз – туберкулез, сүзек, дизентерияға, дифтерия бактерияларына тосқауыл қояды. «Ауруға – ем, сауға – қуат, дәрі қымыз» – деп Жамбыл атамыз жырға бекерден-бекер қо керек. Ал Ақтамберді жырау болса: «Биенің сүті сары бал – қымыздан асқан дәм бар ма?» деп тамсанған. Өйткені, қымыз қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмдерінің бірі.
Қымыран
Қымыран — сүттен ашытылып жасалған сұйық тамақ — айранның бір түрі немесе түйенің шұбаты мен сиыр сүтінің араласы. Ғылыми дәйектерге жүгінсек, қазақтың қымыраны әлемнің шөлін қандыруға қауқарлы, халықаралық нарықта бәсекеге бәс тігуге қабілетті, сондай-ақ талай дертке дауа болар қасиеттері де баршылық.
Аталған сусындардың барлығының өзіндік ерекше шипалы, емдік қасиеттері бар.