В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
ддд4умник
ддд4умник
07.07.2022 00:57 •  Қазақ тiлi

Заманауи журналистің сөйлеу мәдениеті эссе 200-250 сөз. Эссе құрылымына сай жазу керек​

Показать ответ
Ответ:
Mas4323
Mas4323
04.03.2021 17:30

Бірінші, журналистика мамандығын қалаушы жас талапкерлерді оқуға қабылдау барысында олардың жазу шеберлігі мен сөйлеу мəдениетіне барынша назар аудару қажет. (Бұл жерде шығарма жаздырып, газет бетіне жарияланған бірді-екілі мақаласына қарап, болашағынан «зор үміт» күтудің қажеті жоқ. Шығарманың мазмұнымен қатар тілдік-стильдік ерекшелігіне баса назар аудара отырып, талапкердің сөздік қор, тіл байлығына тереңірек мəн берілуі керек).

Екіншіден, кейінгі кездері журналистика мамандығын даярлау барысында мемлекеттік стандартта көрсетілмеген деген желеумен оқу бағдарламасынан алынып тасталған «Журналистің сөйлеу мəдениеті», «Шеберлікке баулу», «Мамандандыру» сияқты тағы да тілге, стильге, сөйлеу, жазу шеберліктеріне қатысты пəндерді толықтырып, қайта кіргізу қажет. (Себебі бұрындары «Радиохабарлар тіл стилі», «Телехабарлар тіл-стилі», «Мерзімді ба өз тіл-стилі» жеке-жеке пəн ретінде өткізілетін. Бұлай өткізу болашақ журналиске БАҚ-тың əр саласы бойынша еркін дайындалып, аталмыш мамандықтың өзіндік ерекшеліктеріне сай сөйлеу, жазу машықтарын меңгеруіне кең мүмкіндіктер беретін).

Үшіншіден, арнаулы орта мектептерде 10–11 сынып оқушыларын журналистік мамандыққа баулитын факультативтер ашылса. (Бұл, əрине, біраз мектептерде бар болғанымен, тұтастай дəстүрге айналған жоқ. Өйткені журналистика əліппесімен мектеп қабырғасында жүріп танысқан талапкерлерлің мамандықты игеру барысында көп қинала қоймайтыны белгілі).

Ұлттық журналистика мамандарын даярлау барысында біршама тəжірибелерді байқай отырып, көз жеткізген анық бір мəселе — жас талапкердің сөйлеу (жазу) мəдениеті отбасы, балабақша, мектептен қалыптасып, дамып жетілетіндігі. Бай ауыз əдебиетіміздің інжу-маржандары аңыз-əфсана, ертегі-əңгіме, жыр-дастандарымен сусындап өскен жеткіншектің көкірегі күмбірлеп, сөз əлемінде қиналмай еркін қанат қағатындығы. Əйтпесе қазіргі алмағайып заманда кекілі күнге күймей, табаны жерге тимей тас еденде ойнап өскен ұрпақтың сөзі де, ойы да жұтаң болатындығын уақыт көрсетіп отыр.

Кез келген журналист тіл мəдениетін сақтауы керек. Əдеби тіл сөйлеу тілінен нəрленсе, ба өз тілі сөйлеу тіліне əсер етеді. Ба өз тілінің дəрежесі əдеби тілдің де, сөйлеу тілінің де сапасының өлшемі. Сондықтан журналистер тілдік қорды байыту үшін көркем əдебиетті көбірек оқып, тіл тазалығы мен ой дəлдігін үйренуі керек.

Əл

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота