Запиши предложения и подчеркни глаголы. Абайдың да айрықша жырлағанының бірі – табиғат болды. Ол табиғат аясында өсті. Оны сүйе білді. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Күз», «Қыс»,«Жаз» деген өлеңдерінде табиғаттың әртүрлі құбылысы көзіңе елес тейді. Жаратылыстың жайдары жазын, түсі суық тұманды күзін не болмаса сақылдаған аязы мен қарлы боранын өзің көріп тұрғандай боласың.
Нұр-Сұлтан (бұрынғы атаулары: Ақмолинск, Целиноград, Ақмола, Астана) — 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының елордасы. Акмолинск қала мәртебесін 1862 жылғы 26 қыркүйекте алды. 2020 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша қала түрғындар саны 1 136 008 адам, бұл Алматыдан кейінгі Қазақстандағы екінші көрсеткіш. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан. Миллионер қаласы мәртебесіне 2017 жылдың маусымында қол жеткізілді, ол кезде тұрғындар саны 1 002 874 тұрғын болды. Нұр-Сұлтан елдің солтүстігінде Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Әкімшілік жағынан қала 4 ауданға бөлінген.
Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы Мемлекеттің бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі.
2019 жылы 20 наурызда Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың атын экс-президент Н.Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан деп өзгертуге бұйрық берді.
Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда. Қала төрт ауданнан — «Алматы», «Сарыарқа», «Есіл» және «Байқоңыр»[1] ауданынан тұрады.
Объяснение:
көп болса қысқартарсың өзің
Бүгінгінің Атымтай Жомарты қандай?
Жомарттық – адам бойындағы ізгі қасиеттердің бірі.Жомарттық – Алла Тағаланың сипаттарының бірі.Өйткені,оның бір есімі "көптеген нығмет беруші","жақсылықтар мен ізгіліктерді молынан тарту етуші", "аса жомарт" деген мағынаны білдіретін "Кәрим" сипаты болып табылады.Ал қайырымдылық – жомарттың негізгі өзегі.Өзін-өзі насихаттау үшін жасалған қайырымдылық жомарттыққа жатпайды.“Жомарт бергенін айтпас,ер айтқанынан қайтпас” деген қазақ мақалы осыны айғақтаса керек.
Ыбырай Алтынсариннің "Атымтай Жомарт" әңгімесіндегі Атымтай секілді жомарттар қазір де бар.Олар да өз кезегінде мұқтаждарға қол ұшын созуда.Жетімдер үйіне,ауырып ем іздегендерге қаржылай көмек беріп жатқандар бар.Енді бірі кемтар адамдарға арнайы орталық ашып,олармен жұмысты күшейтуге,олардың бойында таланттарды ашуға жәрдемдесуде.Енді біреулері Қазақстан атын әлем аренасында танытып жүр.Бұл да,менің ойымша,елге деген жомарттық.Қазіргі таңда жомарт адамның қомақты қаржысы болу міндетті емес.Біреуге жылы сөзіңді аямау,жанашырлық таныту,қуанышын бөлісіп,қайғысына ортақтасу,білгеніңмен бөлісу де жомарттыққа жатады.Жомарттық жасаған соң ол жақсылығыңды ұмытып,жасаған адамыңнан ақысын күтуге болмайды.Ең бастысы,жомарттықты өзің үшін,Алла разылығы үшін жасаған жөн.