ЗАЩИЩЕННЫЙ ПРОСМОТР Будьте осторожны: файлы из Интернета могут содержать вирусы. Если вам не нужно изменять этот до
с ним в режиме защищенного просмотра.
Екіден
үш
Жүз
жетеу
Үш-үштен
ОТЫЗЫНШЫ
алты
төртеу
Дескриптор:
• Сан есімдердің түрлерін біледі
. Тиісті бағанға жатқызады
2-тапсырма: Сұрақтарға нақты жауабын табыңыздар
1.Су қандай болады?
А)әдемі, сұлу,көркем, көрікті, ажарлы
Ста
Экран 3 из 5
Сондай-ақ өндірістің өсуі, экономиканың дамуы мен халықтың әл-ауқатының жақсаруы қоршаған орта мен экологияға кері әсерін тигізуде. Ауаны ластаушы стационарлы, қозғалмалы көздердің жылдан-жылға артуына байланысты қала атмосферасының ластану деңгейі халықтың денсаулығына кері әсерін тигізіп отырғаны аса маңызды экологиялық проблемаға айналып отыр.
Осы жағдайды ұшықтыруға қомақты үлес қосып жатқан қаламыздағы арлы-бері ағылған көлік екені де барлығымызға белгілі. Соңғы мәліметтерге сәйкес Алматыда автокөлітің саны 521 мыңнан астам бірлікті құраса, халықтың автомобильдерге ие болу деңгейі әрбір 1000 адамға 350-ден астам жеңіл көлікке жетті.
Сонымен қатар, соңғы жылдары экологиялық жағдай жақсаруға бет алғанын айта кету керек. Мысалы, Қазгидрометтің Гидрометеорологиялық мониторинг орталығының ақпаратына сәйкес Алматыда атмосфералық ауаның ластану деңгейі 2008 жылы 13,3 құраса, ағымдағы 2013 жылы бұл көрсеткіш 11,3 құрады.
Экологиялық проблемалардың қоғам үшін жоғарғы маңыздылығын ескере отырып, «М.Әсер» қоғамдық қоры қаламыздағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша атқарылған жұмыстарға қысқа талдау жүргізді.
Талдау барысында Алматы қаласының әкімдігі мегаполистің экологиялық жағдайын жақсарту үшін кешенді жұмыс атқарып жатқаны белгілі болды. Осы бағытта атқарылған оң шаралар тізімінде ТЭЦ-1-ді толықтай сығымдалған газға көшіру, кәсіпорындар мен жекеменшік секторларға газ тарту жұмыстарын атап өткен жөн. Бүгінгі таңда жеке үйлерді газбен қамтамасыз ету мақсатында 63,6 км газ құбыры салынған екен.
Тұрмыстық қатты қалдықтардың проблемасын шешу үшін қалалық қоқыс өңдеу станциясына реконструкция жұмыстары жасалып, аудандық қоқыс жинақтау станциялары ашылады. Тұрмыстық қатты қалдықтар проектісін басқаруды іске асыру үшін инвестициялар тартылуда.
Қалада көлікті газға көшіру барысында да оң істер атқарылуда, мұнда республика бойынша тұңғыш рет муниципалды автобус паркі пайда болды. Алматы қалалық жолаушылар көлігібасқармасының мәліметіне сәйкес ағымдағы жылдың желтоқсанында екінші коммуналдық автобус паркінің құрылысы аяқталады және 2014 жылы үшіншісінің құрылысы басталады. Бұл үшін қала әкімдігімен Еуропалық даму және қайта құру банкінің кредиттік қаржысы есебінен 200 автобус және жергілікті бюджет есебінен 400 автобус пен 200 такси сатып алынады. Бұл парк газбен жұмыс істейтін болады. Ал 200 автобус пен 200 такси жеке тасымалдаушыларға қызмет көрсетуге беріледі екен.
Ағымдағы жылы тролейбус паркінің тозуына байланысты Алматы әкімдігімен оның жылжымалы құрамын жаңарту бойынша шешім қабылданып, Еуропалық даму және қайта құру банкі ұсынған кредиттік қаржы есебінен 195 жаңа тролейбус сатып алынған болатын.
Қазіргі уақытта жеңіл рельсті көлік желісі құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде. Аталған жобаның құрылысын қаржыландыру үшін қала әкімдігі мен Еуропалық даму және қайта құру банкі арасындағы меморандумға қол қойылды.
Сондай-ақ қалалық автомобильмен тасымалдауды дамыту бағдарламасы аясында қала шекарасында үш бекет пен 2 автостансаның құрылысын салу қарастырылған. Олардың әрқайсысында кемінде 5 мың көлікке арналған автотұрақ салынады.
Бұл кешенді шаралар тысқары жерден келетін көліктер легін төмендетіп, қаланың орталық бөлігінде жеке көлікті пайдалануды қысқартып, Алматының экологиялық ахуалын жақсарта түсетіндігі сөзсіз.