Аспан, аспан күмбезі – бақылаушыға киіз үйдің төбесі сияқты болып көрінетін күмбез. Күн, Ай, жұлдыздар, т.б. аспан шырақтары бізден өте қашықта болғандықтан, олардың ара қашықтығының айырмашылығы бізге сезілмейді. Сондықтан олар аспан күмбезінде орналасқандай әсер береді. Ашық далада аспан жалпайып көрінеді, яғни күмбездің төбесіне қарағанда, оның іргесі (көкжиек) қашықтағандай болады. Биік үйдің қасында тұрған адамға аспан күмбезі көкжиекке қарағанда биік болып көрінеді. Ауа қабаты көгілдір, көк, күлгін сәулелерді күштірек шашырататындықтан аспан күмбезі көк түсті болып келеді.
Биыл қыс қатты болып тұр. Кеше қатты дауыл соғып, тіпті ағаштарды құлатып тастады. Онан соң жауын шашын болды, арты қарға айналды. Қар қалың жауды. Долы жел қарды есік алдынан ұшырып кетті. Боран соғып, сыртқа шығу қиындады. Тыста үскірік, қақаған аяз болғандықтан мектептерде сабақ тоқтатылды. Ауа райын білмей жолға шыққандарға тоңу, үсіп қалу қаупі бар. Қаңтар айында ауа райы тұрақсыз, біресе нөсер,біресе қалың қар, арасында тіпті бұршақ жауып түрлі өзгерістерге ұшырауда. Нөсерден соң жүру қиындап кетті, себебі қалың мұз, көктайғақ.