Жетіқарақшы(лат. Big Dipper) — аспанның Солтүстік жарты шарындағы Үлкен аю шоқжұлдызының ең жарық жеті жұлдызы. Аталған жеті жұлдыз шөміш пішінді иіліп солтүстік аспаннан өте анық көрінеді және ол Темірқазық жұлдызын жердің өз өсінде айналуына орай әр күні айналып жүргендей көрінеді. Жетіқарақшының жеті жұлдызының ішінде 1,8 жұлдыздық шамағадейін жалтырап көрінетін ең жарық жұлдыз – Ырық (Алиот) пен Ерік (Дубке) есептеледі. Және оның шеткі екі жұлдызы (ε және α) бойынша Темірқазық жұлдызын табуға болады. Жеті қарақшы шоқ жұлдызының төңірегінде көптеген галактикалар мен планетарлық тұмандықтар бар.
Альберт Эйнштейн, нем. Алберт Еінстеін (14 наурыз 1879, Германия, Ульм қаласы – 18 сәуір 1955, АҚШ, Нью-Джерси штаты, Принстон) – қазіргі Германия жерінде туып өскен физик-теоретик, заманауи физиканың екі негізгі тірегінің бірі болып есептелетін салыстырмалылық теориясының негізін қалаушы (екіншісі квантты механика). Эйнштейн ғылым философиясына қосқан үлесімен танымал.
1921 жылы теориялық физикаға қосқан үлесі үшін, фотоэлектрлі эффект заңын ашқандығы үшін, кванттық теорияның дамуына қарай қадамдары үшін" физикадан Нобель сыйлығының иегері атанды.

Ғылыми аясы:Теориялық физика.