Зертте
Біліміңді тексер!
Сөздікке қарамай тапсырманы орында. Сөздердің аудармасын дұрыс сәйкестендір.
1 Жіп А лоскутное одеяло
2 Еркелеу Ә делать
3 Тымақ Б нитка
4 Жағымсып В перегнуть, согнуть
5 Құрақ көрпе Г ласкаться
6 Иіп жіберу Ғ тумак(шапка ушанка)
7 Ши Е подлизываясь
8 Жасау Д задирать нос, зазнаваться
9 Танау шүйіру Ж чий (песчаный тростник)
Орында
8-тапсырма. Сөйлемдегі шатасқан сөздердің орын тәртібіне сай жаз.
1 2 3 4 5 6 1 2 3 4 5 6
Далаға тонымды қызыл киіп шығамын ойнауға. Қолыма пимамды былғары қолғабымды, киемін тымағымды.
1 2 3 1 2 3 4
Шанамды шығамын сүйретіп. Шанамды берген апам істеп.
Үй жұмысы
11-тапсырма. Әжеңе не анаңа хат жаз, қалай жақсы көретініңді жеткіз. Жақсы көргенде айтатын сөздеріңді жаз.
Ғалым: - Сіз барлық заттарыңызды жинадыңыз ба?
Даяна: - Ия, алаңдамаңыз.
Ғалым: - Жақсы.
Ержан: - Сіз қайда бара жатқаныңызды әлі айтқан жоқсыз ба?
Даяна: - Мен жатақханаға бару үшін Алматыға кетіп бара жатырмын.
Ержан: - Түсінемін.
Анасы: - Сен бірдеңе ұмытып қалдың ба?
Даяна: - Ия, анам.
Анасы: - Сонда да, қазір такси келеді.
Әкесі: - Міне, сіздің чемодандарыңыз.
Анасы: - Барлық таксилер келді. Бәрі, әзірше, мен бір аптадан кейін келемін.
Даяна: - Қош бол.
Әкесі: - Жолың даңғыл болсын!
Ержан: - Жортқанда жолың болсын!
Ғалым: - Ат-көлігің аман, қоржының толы болсын!
Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Оң қолдан бастап киім кию жақсы ырым саналады.
• Киімді желбегей жамылмайды, өйткені екі қолы жоқ адам ғана киімді желбегей жамылып жүреді.
• Тозбаған киімді тастауға болмайды. Қазақ халқында тозбаған киімді тастау – жаман ырым. Егер оны адам кигісі келмесе, біреуге сыйлау керек.
• Көпшіліктің алдында жалаңаш - жалпы жүруге болмайды. Бұл әдепсіздік болып саналады.
• Өте ұзын немесе қысқа киім киюге болмайды. Бұлай киіну адам жұмыс істеген кезде қолайсыздық тудырады.
• Киімді сілкіп киген жөн, өйткені киімге жабысқан ұлы жәндіктер болса ұшып түседі.
• Қыздарға ер баланың киімін киюге болмайды. Ер баланың киімін кию жаман ырым саналады.
• Шалбар мен етікті тұрып киюге болмайды. Оларды соғыс кезінде ғана тұрып киетін болған.
• Киімнің жағасын басуға болмайды. Киім жағасын басу жаман ырым саналады.
• Жастық орнына шалбарды жастамайды. Шалбарды жастану настықтың белгісі болып саналады.
• Бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды. Жақсылықтың бәрі адамның маңдайына жазылады, сондықтан да бас киімнің орны ерекше. Бас киімді әрқашан таза, ұқыпты ұстап, босағаға емес, төрге ілу керек.
• Аяқ киімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды. Өйтсе, адамның жолы болмайды, жаманшылыққа ұшырайды.
• Бөтен адамға бас киім бермейді және айырбастамайды. Адам басы кемиді деп санайды.
• Садақаға киім берсе, оның түймесін қиып алады.
• Қос тымақ кигізбейді. Бұлай етсе екі қатын алады деп ырымдалады.
• Аяқ киімді тұрып киюге болмайды. Тек басына іс түскен кісі ғана аяқ киімді тұрып кимек.
• Ит көйлекті балаға жаны иттей берік болсын деп кигізеді.
• Көп жасаған немесе жақсы адам қайтыс болса, оның киімдері мен тұтынған заттарын ырым етіп бөліп алады.
Объяснение:
Киімге байланысты ырым-тымдар