Қазақ халқының ұлттық киімдері – киім үлгілері. Этникалық,экономиялық және климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат-ғұрып киімдері болады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдердің ең жақсы, таңдаулысын киген. Ішкі киімдері: көйлек, желетке, кәзекей; сырт киімдерге: шапан, күпі, кеудеше, тон, шидем; сулық киімдерге: шекпен, қаптал шапан, кебенек кенеп, сырттық жатады (қазақ Киім). Киім мәуітіден, жүн және жібек матадан, киізден, аң терісінен тігіледі. Қазақтар құланның, ақбөкеннің, жолбарыстың, жанаттың, бұлғынның, сусардың, ақ тышқанның терілерін ерекше қымбат бағалайды. Бұл аңдардың терілерінен тондар тігілді. Астарына құнды аң терісі салынған тон – ішік деп аталды. Осы аң терісіне сәйкес бұлғын ішік, жанат ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бөлінеді. Ішіктердің сыртын шұға, мәуіті, үш топ барқыт, атлас, көк берен, манат, қырмызы, торғын, ләмбек сияқты бағалы ширақы маталармен тыстаған. Ішіктер кейде әдепті, оқалы, шет-шеті жұрындалған қайырма жағалы болып тігілген.
Қыс келді. Күн суыта бастады. Әр мезгілдің өзіне тән ерекшелігі бар. Қыс мезгілі өзінің аппақ қарымен, сықырлаған аязымен, көк айдын мұзымен ерекше. Қыстың таңғы салқын ауасы керемет күйге бөлейді. Қарға күн сәулесі түсіп, көз тоймайтындай жарқырайды. Дала тып-тыныш, айнала аппақ қар. Ақ ұлпа қар жамылған ағаштар, үйлер, таулардағы қыс көріністері көздің жауын алады. Қыс мезгілінің тағы бір ерекше көрінісі -қысқы ойындар. Қысқы ойындар өте қызықты, сондықтан балалар қыс мезгілін асыға күтеді. Бірі шанамен сырғанап, бірі аққала жасап, бірі қар атысып ойнаған балалардың көңілді жүздерімен дауыстары ерекше көңіл-күй сыйлайды. Қысты асыға күтуіміздің тағы бір себебі-жаңа жыл мерекесі. Әсіресе бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қуанышы мен қызығы мол қыс мезгілін өте жақсы көремін.